Алғашқы махаббат
жеке
блог

Алғашқы махаббат

Алғашқы махаббат жүректі тербейді... Алғашқы махаббаттың отына күймеген адам кемде-кем шығар. Балалық шақтың балғын күндерін еске салатын осы бір сезім жадыдан өшпек емес. «Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымында «Тарлан» тобының экс-мүшесі Айбек Мұхаметәлиев, «Каспий» тобының экс әншісі Айбар Серкебаев, бағдарламаның жүргізушісі Аман Тасыған сонау жылды артқа тастап, студияда алғашқы махаббатарымен жүздеседі. Бағдарламаға қонақ ретінде ҚР еңбек сіңірген әртістері Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, әнші-сазгер Марат Омаров қатысып, бастан өткерген қызықтары туралы әңгімелейді.

«Кешкі кездесу» бағдарламасының сезімге, естеліктерге толы шығарылымын «Еуразия» бірінші арнасынан сенбі күні 21:00-де тамашалаңыздар!