Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өз-өзіме есеп берген күн

Өз-өзіме есеп берген күн

Өз-өзіме есеп берген күн

Мен туған күн мен Жаңа Жыл мерекелерін аса ұната бермеймін. Екеуі де қатар келгендіктен бе, әлде бала кезден бері Жыл басы Наурыз мейрамына көп көңіл бөлгендіктен бе, мен үшін 31-желтоқсан күнтізбенің бір санға ауысу күні. Ал туған күн мен үшін ең әуелі өз-өзіме есеп беретін күн.

Өткен жылы мен қандай жетістіктерге жеттім? Кімге өкпеледім? Кімді өкпелеттім? Қай мақсаттарыма қол жеткіздім? Қай жерде қателіктер жібердім? Қай жақта қылық шығарамын деп, былық шығардым? Қай кезде күлдіремін деп, бүлдіріп алдым?

Осы және басқа да сұрақтарға жауапты мен өз-өзіме есеп берген күндері тауып, таразылап, келер жылға үлкен жоспарлар құрдым.

Өткен жылдың соңғы күндерінің бірінде мен 2011 жылға көз жүгіртіп, «ең, ең» дегендерді анықтағанмын. Дүниеге келген күні, яғни 3 қаңтарда мен өзіме үлкен есеп бердім.

2011 жылдың өткеніне қатты қуандым. Себебі, өткен жыл біраз ауыр жыл болды. Уайым мен қайғыға толы болды. Жер қойнауына апамды тапсырдық. Жақын адамыңнан айырылған кезде жұлының үзілгендей күйде болады екенсің. Одан қалса, ата-анамның бірінен кейін бірі ауырғаны жанымызға қатты батты. Алайда, отбасымыздың татулығы мен ертеңгі күннің жақсы болатынына біз сенген болатынбыз. Шүкір, қазір барлығы жақсы.

2011 жылы біздің әулет кеңейді. Дүниеге кішкентай бауырларым келді. Келешегі кемел елдің ұрпақтары! Әр шаңырақта сәбидің үні естілсін!

Мен өз мамандығымнан ауылы алыс қызметке орналастым. Білімімді жетілдіру мақсатында биыл оқуға түстім. Қазір екінші мамандығымды алу үстіндемін. Менімен бірге ел болашағына бей-жай қарамайтын, жаны жайсаң қыз-жігіттер оқиды.

Биылғы жыл көңілді кездесулер мен жаңа танысуларға толы болды. Достарымның қатары көбейді, таныстардың саны артты.

Ойлап қарасам, өткен жылы өз-өзіме берген уәделерім мен ойда жүрген барлық дерлік мақсаттарға қол жеткізіппін. Жарайсың, Ғазиза!


Достарым Айгүл мен Ұлан

Туған күнді тойлауға аса құмары жоқ мен биыл туған күн кешімді ерекше өткізгім келді. Әу баста, кештің қалай өтетінін жоспарлап жүрдім. Соңғы нүктені Мөлдір көз (ол тағы Эльвира, орысша Косуля, қазақша Елік қыз, ағылшынша Глория) бен досым Ұлан қойды. Кеш салтанатты залда өтті. Шарт бойынша, барлық қонақтар блак тай стилінде киініп келу керек болатын. Ережені Мейіргүл, Жанайым, Қайыржан және әнші жігіттер ғана сақтамады (сол үшін оларға арнайы сый берілмеді, өтірік айтамын, берілді ғой). Өкінішке орай, Эльвира туған күніме келе алмады. Әйтсе де, ол қыз жанымызда жүргендей болды. Есімі де бір емес, екі мәрте айтылды.


Достарымның ортасында

Кешке ең жақын достарым, әріптестерім және де жаныма жақын жандар жиналды. Біраз адамдар алыста жүргендіктен келе алмай қалды. Алайда, құттықтау хаттары мен тосын сыйлықтарын жіберіп жатты. Оларға еш ренішім жоқ.

Апамыздың ұлы ауырып қалып, ол кісі де келмеген болатын. Кейін ол кісі арнайы келіп, құттықтап кетті. Жастар, Маржан апайдан сабақ алыңдар!

Жарқын ағаны бүкіл жанұясымен шақырған едім, бір қарасам, кеште өзі де жоқ, әні де жоқ, жеңгеміз де жоқ, ұлы да жоқ, бауыры да жоқ.

«Туған күніңе ақ сауыт киіп, ақ боз атқа мініп, руымды Албан қылып өзгертіп келемін» деген Садықтың қарасы да көрінбеді. Кейін электрондық почтама «саған бір құшақ гүл сыйлаймын» деп уәде-хат жазып жіберіпті (оны да, иншаллах, көре жатармыз).

Туған күніме алыстан ат басын тіреп, арнайы Жаңа Жыл мерекесі мен туған күніме Стамбулдан жолдасымен келген құрбым Ася табан асты ауруханаға түсіп қалып, кешке келмеді. Науқас күйінде жолдасы Серкан бей оны Түркия еліне алып кетті.


Жан құрбым Асель

Туған күн кешіне оралайық. Кеш кеш басталды. Қазақ екенімізді тағы бір мәрте дәлелдедік. Кешті Сәния жүргізді. Сәнияның алғашқы дебюті болды. Толқыды, қорықты, бірақ, кешті тамаша жүргізді. Енді Сәния тойларға аса болып шыға берсе болады (ставкасын кейін құлақтарыңызға сыбырлап айтамын).


Кеш көңілімнен шықты, ән де айтылды, би де биленді, ойындар ойнатылды.


Жақын құрбыларымның арасынан қайсысы мені өте жақсы танитынын біліп алдым. Сәния қыздарға маған қатысты сұрақтар қойып жатты, дұрыс жауап берген сайын олар бір қадам алға басып, мүмкіндігінше маған жақындауы тиіс болды. Телефонымнан бастап, жеке басыма қатысты сұрақтардың барлығына дерлік дұрыс жауап беріп, мәреге бірінші болып құрбым Дана келді.


Кешке келіп, Алаштықтардың абыройын Назерке көтерді. Өзімен бірге келген бөлесі Забира кеште ән айтты. Сондай-ақ, кешке әнші жігіттер Олжас пен Нариман келді. «Земля квадратная» деп бекерден бекер айтпаса керек, Забира мен екі жігіт бір мектептің түлектері болып шықты.


Құрбым Аида

Кеште ең үздік құттықтау иелері деп танылған менің тобым кештің сәнін жақсы тілектерімен қатар, тобымыздың биімен көзге түсті. Ең әдемі сөйлек номинациясына көк көйлек киген құрбым Гүлнұр иеленді. Түнгі сағат 00:00-де ең алғашқы болып, құттықтау хат жіберген Аида құрбыма және кеш тізгінін ұстаған Сәнияға арнайы сый берілді.

Ерекше сыйлық иелері, ол әрине, менің жанұям. Не сыйлағанын әріптестерімнен сұраңыздар.


Әріптестер болса, ұжымымызда қалыптасқан дәстүр бойынша маған құттықтау газетін шығарыпты. Кешке келген қонақтар тілектерін қалдырып кетті.


Кешке келмегендер кеңсемізге келіп, тілектерін жазып кетсе болады.

Қайыржанның ән айтатынын білмеппін. Тілегін білдірген соң, «Жаным» деген әнді айтып берді. Керемет орындап шықты! Оған да тойларға шығып тұруына болады. Ставкасын Сәния-тамада айтады. Сол қызбен келісіңіздер.

Онлайн-достарыма үлкен алғыс. Маған арнайы құттықтау хаттарын жазып, тілеткерін білдіріп жатты. Астаналық Аселек қызға алғысым шексіз. Ерекше жазба иесі! Жазбаң өте ұнады. Жамбылдың жайдарлы қызы Нұрзияның жүректен шыққан жылы сөздерін оқып, қуаныштан жылағым келіп кетті.


Кеш ойдағыдай өтті. Өзіме өте ұнады. Өте көп сыйлыққа кенелдім, гүлдердің астында қалдым. Туған күнім өтіп кетсе де, әлі күнге дейін құттықтау хаттар мен сыйлықтар алып жатырмын. Барлықтарыңызға мың да бір алғыс!

Келер 2012 жыл баршамызға жақсылық әкелсін! Босағамыздан бақ кетпей, шаңырағымыз шайқалмасын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел болғай!

Ізгі ниетпен, Алматының аппақ қызы

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 07 қаңтар 2012, 15:52
Тегтер: туған күн, есеп беру, достар, сыйлықтар, құрбылар, Алматы, Стамбул, ақ боз ат

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.