Сізді адамдардан немесе өз ортаңыздан алшақтататын 12 қасиет

Сізді адамдардан немесе өз ортаңыздан алшақтататын 12 қасиет
жеке
блог

Жалпы айналамзға қарайтын болсақ біріншіден қайнап жатқан өмірді, адамдарды көреміз. Сондықтан, өміріңіздің жарқын сәттерге толы болуына сіздің таныстарыңыз тікелей әсер етеді. Кей кездері адамдар көтеріңкі кейде мұңды не көңілсіз болып жүреді. Оның бірден бір себебі сіздің таныстарыз десек те болады. Адам күнделікті кәммен және қандай адамдардармен жиі араласса оның мінез құлқы , көңіл-күйі де соған лайықталатын кезеңдер болады. Сондықтан да адамдар арасындағы қатынастарда кедергі туғызып, кейде тіпті жағымсыз әсер, тіпті жиіркеніш туғызатын ададмардың әрекеттеріне тоқтала кетсек...

  1. көреалмаушылық сезімі. Өзге адамдарға деген қызғаныш сізді биіктерге жетелемейді, ол керісінші сізді артқа тартып бұрыс жолға түсіруі мүмкін әрі өзіңіздің көңіл-күйіңізді өзіңіз түсіріп күйбелектеніп, өзгеге де жағымсыз әсер қалдырасыз. Адамдар қаншалық өздерін жақсымын десе де осы сезімнің болары анық, алайда ол әркімде әрқалай оны жеңе білу - өнер. Сырттай қараған кезде адамның көреалмаушылық қасиетін байқау қиын емес, әрі өз қарсыласыңыз деп есептен жүрген адаммен сайысып жүргенде өзгелердің сізге деген көзқарасын өзгертіп аласыз, немесе кейде ондай адамдар жиіркеніш сезімін тудырады. Сондықтан да , сіз өзге емес өз-қзіңізге қарсылас екеніңізді ұмытпаңыз, сонда ғана рухани жағынан болсын сіздің өскендігңіз, даналығыңыз байқалатын болады.

  2. бәрін жүрегіңізге жақын қабылдайсыз.  Адамдар айналадағы болып жатқан дүниенің бәрін өзіне қатысты деп сезінетін кезеңде осы "симптом" пайда болады десек те болады. Әсіресе, біреулер бірдеңе десе оны мұқату әдейі кек етіп, мазақ қылу үшін айтты деп өкпелейтіндер аз емес. Алайда, сол сіздің ойыңызша мұқатып не кек етіп тұрған адам ол сөздерді мүлдем сізге қатысты айтылмайды керісінше өздерінің басынан өткен жайт немесе жай сөз. Сонымен қатар, өмірде сізде керемет , тамаша жан санайтын адамдар немесе өмірде сізден бетер жаман адам жоқ ойлайтындар да бар, оны жүрекке жақын қабылдай бергеннен гөрі кей кездері елемеген жөн. Өйткені , егер де адамдар қоғамдық пікірге құлақ аспайтын болса, онда бұл эгоизмге жатады. Оның орнына қажетсіз пікірді елемей, дұрыс айтылған сынға қатысты ойланып өзіндік пікіп , ой қорытқан жөн. Өйткені , бәрін жүрегіңізге жақын қабылдасаңыз жүрегіңізден не қалады.  

  3. әркез өзін бишара етіп көрсету. ең жағымсыз қасиеттердің бірі мұңын айтып, зарлау, шағымданып өзгелерге өзін зәюір көргендей бишара етіп көрсету. Сіздің ойыңызша сіз аяушылық сезім туғызып немесе олардың қатесін мойындаттым десеңіз де сырт көзбен қарағанда жағымсыз әсер қалдырады. Әрі сіздің беделіңіздің төмендігін, өз-өзіңіз үшін жауап бере алмайтын, өзгелерге тәуелді адам ретінде көрсетеді. Сондықтан, шағымдана бергеннен гөрі сол мәселені бірден өзіңіз шешуді үйреніңіз, бұл сіз үшін болашақта да қажет болады.

 4. кекшілдік. Өмірдегі ең қиын істердің бірі шын жүректен кешіре білу. Ол қаншалықты қиын болса да , сіздің артыңыздан пышақ тығып, жаныңызды жаралап немесе махаббаттан көңіліңізді қалдыратындай әрекет жасаса да кекшіл болмаңыз. Өйткені , жүректе сақталған реніш сананы торлап адамның рухани дамуына, жеке өмірінде алға басуына кедергі келтіреді, өмірде сенімсіздікке әкеледі. Сондықтан, қандай адам болмасын оны бірден жақын тартудың қажеті көп нәрсеге бейтарап орта тұрғысынан қарап өзіңіз үшін қорытынды жасап алыңыз. Бұйырмаған нәрсе берекелі болмас, сондықтан әр қиындықты өмір сынағы деп біліп сізді одан әрі ақылды , өмірде түйген білгені мол, адам тани алатын қабілеттерге ие болу үшін жасалған іс деп түсініңіз әрі риашылығыңызды білдіріңіз.

 5. өз эмоцияларын бақылай алмау. Бір күнде щексіз эмоция көрсету сізді қоршаған ортаға біртүрлі адам етіп көрсетуі мүмкін. Әсіресе, бірден ашуға булығу, ренжіп қалып қайта түк болмағандай күй кешу, болмашы нәрсеге жылап жіберу, кейін күлу сіздің жаныңыздағы досыңызға қиындық туғызуы мүмкін. Себебі, осындай тез құбылатын адамдармен тілдесу кезінде абай болмасақ қиын болары хақ, ал бұл өзіміз үшін де жаман. Сонымен, егер көңіл*күйіңіз құбылмалы болатын болса өз өзіңізбен жұмыс істеуді үйреніңіз сабырлылыққа, салмақты болуға тырысыңыз кей кездері қажетсіз эмоцияларды сыртқа шығармағаныңыз абзал, өйткені ондай адамдардың жанында жүру екінің бірінің қолынан келе бермейді.

 6. негативті ойларға жақындық. Өмір туралы жағымсыз ой , әркез негативті тұрғыдан ойлау , реніш, өкпе , наз бәрі - бәрі адамның өмірін сұрықсыз етіп жібереді. Бәрінен бұрын таңертеңнен кешке дейін осындай жағымсыз әңгіме айтатын адамдардың жанында болу мүлдем қиын, оның жаман энергиясын алғанымен қоса, психологиялық қиындықтарға ұшырайсың. Пессимизм десек те болады, алайды пессимизм бұл жұмсақ айтылған түрі де шығар ал одан міндетті түрде арылу керек, өйткені өмірдің мәні мен қығызын көре алмай қалуыңыз мүмкін.

 7. Өз ойың арқылы өзге адам туралы пікір айту. Өзге адам туралы пікір білдірместен бұрын шап беріп айтпай ойланып, сол адамды зерттеп болып айтқан жөн. Өйткені, көп жағдайда адамдар бір-бірін танымай жатып ойларын айтып жатады алайда, адамдар сізге тек бір ғана қырын көрсететінін ұмытпаңыз. Оның жаман жақтарын біртінші байқаудан гөрі, жақсы жақтарын іздегіңіз абзал. Ал ойланбастан, сөйлеп өзге адамды ренжіту сіз туралы тағы да жағымсыз пікір қалдырады.

 8. өте қатты адам, аяушылық сезімнің болмауы. Өзін күштімін деп сезіну, өзгелерді менсінбеу, кемсіту немесе намысына тию оның жағдайын түсінуге тырыспау бүгінгі қоғамның басты ахуалы десек те болады. Өйткені, күнделікті өмірде біз әлеуметтік желілерді адамдардың бір-бірін қинап өлтіргендігі, аяусыз қинағандығы,мазақ етіп, көмек қолын созбауын жиі байқаймыз. Бұл адамдарды жыртқыш аңдардан түк айырмашылықсыз ететіндей, сезімнің болмауы жүректің болмауы. Демек, болашаққа деген күдіктің туындауына алып келеді.

 9. жалған сөйлеу немесе алдау. Өзгелерді алдау, ең нашар қасиеттердің бірі. Адам өзінің әңгімелесіп тұрған адамы оны сезбейді десе қателеседі. Өйткені, әрбір адам өтірікті сезеді және түбі шындық білінеді. Бұл қасиетке ие болуды кей адамдар мақтаныш санауы мүмкін, бірақ ол ауру секілді міндетті түрде өтірік айту қажеттілігін туғызалды қылмыс та осыдан туады. Өтірік айту бұл - күнә. Өйткені, сіздің партнеріңіз сіздің әңгімеңізге сеніп , сіздің жаныңыздың тазалығына шүбә келтірмейді ал сіз оның ойын жоққа шығарасыз.

10.  шынайы болмысты жасыру, бетперде режимі. Өз болмысыңызды жасырмаңыз, ол өзіңіз үшін өмірде өз жолыңызды табуға қиындық тудырады. Бетперде режимі, адамды түсініксіз етеді яғни бұл біріншіден, өзін алдау, ал екіншіден, өзгелерді алдау. Мәселе сіздің жасыңызда немесе әйел не еркек екендігіңізде емес, мәселе сіздің өзіңізді мойындамауыңызда. Жалғандығыңызбен жақсылығыңызды жасыруыңыз да мүмкін, қөйткені адам өзінің қасиеттерін жөн не дұрыс еместігін байқай бермейді.

11. біреудің сіз туралы пікіріне тәуелді болу. Өзгелердің пікіріне тәуелді болу, адамдардың назарын өзіне аудару қажеттілігінен туындайды. Әрдайым, өзіңді өзгелердің көзімен көру, қалай болып тұрғаныңды елестету өмірді мәнді етпейді. Әр адамның өзінің мақсаты, болашаққа деген сенімі болады ал өзгелерге тәуелді болу сол жолдан тайдыруы да мүмкін.

12. перфекционист болу. Өмір тоқтаусыз өтіп жатыр, сондықтан әр адам бұл өмірді бір рет кешетін болған соң керемет ғұмыр кешкісі келеді, зәулім үй, көлік және өзге де материалды және рухани байлықтың болуы. Өзінің өміріндегі әр нәрсенің мінсіз орындалып, бірде бір қатесіз жүретін адамдар да бар. Олардің бір қателігі өмірдің шынайы ляззатын сезіне алмауы. Себебі, әркез еркіндікке жол бермей қатаң заңдылықтармен жүріп тұру кімді болмасын жалықтырып жібереді. Ал, жұмыстың дұрыс атқарылмауы оны депрессияға түсіріп жібереді. Өмірдің мінсіздігінен гөрі өзіңізге ыңғайлыны таңдағаныңыз абзал.