Қанды жол - Естен Ербол

Қанды жол - Естен Ербол
жеке
блог

Қоңыр күз кетіп, қыстың қапалақ қары түсе бастаған кезі еді, ол аяғын әрең сүйіретіп, етегі жыртылып, алды ашылып қалған қалетін ішіне жапты да, кең бір тыныс алып, буыны құрып отыра кетті, көз алдынан өткендегі істер бір – бірлеп өтіп жатты, бүгінгі күн оған басқа күндерге қарағанда өзгешелеу сезілді, өйткені ол өзінің әлде қашан кеудесін тік көтеріп, серілерше керіліп жүретін күнінің келмеске кеткенін сезінді.

Жаяулар жолы шетіндегі решеткаға арқасын қойып, ызғарлы қара цементтің үстінде, өзіне қарап жиіркене бастады. Ол жүргіншілерге әбден таныс еді, ешкімде оған қарайтын емес, өзінің тұр – тұлғасы, кимі де басқалардың көзіне үйірлесіп кеткендей, шаштары үрпиген, кимі жыртылған, жуынбағалы айдан асқан, бұрын өзінің кім екенін ойламаған ол, дәл бүгін өзінің мұндай халде қаларын ойламаған еді. 

Көз жанары жойылып, кіртиіп кеткен көзінен ауыр бір қиналыс байқалды, оң қолымен бүйірін қатты қысып, кең бір күрсініп, сәл тұрып рахат тапқандай болды. 

Кенет бойына бір ұлы күш пайда болды, махаббат сезімі жүрегінен тулап барлық денесіне тарады, бойына жылы отбасының шуағы елестеп, кешегі сүйген жары, сүйкімді ұлы елестеді, балдай тәтті қылығымен, былдырылап енді ғана шыққан тілінен тұңғыш ‹‹әке›› деп өзіне айтқандағы қылығы қандай тәтті еді, шіркін !

Бірақ, бәрі де жоқ, бәрі де біткен еді, өмір жолының тыңнан басталуы мүмкін емес, осының бәріне де себепші осы қу арақтың кеселі еді-ғой !  

Дәл өзінің отырған бұл айырма жолы, бұл көшедегі қан базар, осыдан екі жыл бұрынғы естен кетпес күннің куәсі еді, жалғыз ұлының осы жолда машинаға соғылып қайтыс болғанын ойлап, есеңгіреп барып, есін әрең жиды, басын көтеріп қарап еді, жол шетінен әйелімен баласын көрді, жүгірмекші болып еді, ентігіп тұра алмады, сүйретіліп тұрмақшы болып еді, дәрмені келмей қайтадан жығылып түсті, сонда да қолын созды, бірақ қолы жетпеді, жаңағы әйелі мен баласы қолын бұлғап шақырғандай болды да, жарқ етіп жоқ болды.

Ол сол жығылғаннан тұра алмады, кезіндегі машинамен жүретін, басқаларға бас имейтін сері жігіт, бүгін басқалардың аяғында тапталуда, қызметі, үйі бар жап – жақсы отбасының шаңырағы құлап, күлі көкке ұшты, ол өзін араққа үйретті, онан кейін, көңіл көтерер әйел тапты, сол әйелмен арақ ішіп жүрген күндерінің бірінде, баласын торсадан алуға уақытын қимай, сол әйелмен уәделесіп арақ ішуге кеткен еді, әбден мас болғанда барып баласын ойлап, мектепке жүгіріп шыққанда, дәл осы жолда адамдардың топтасып тұрғанын көреді, жиылған жұртқа келгенде ғана, баласының әлде қашан осы орында қаза тапқанын біледі, хабар тапқан әйелі есінен адасып, қуыршақ бала көтеріп дала кезіп кетеді, сол кеткеннен кетіп, ақыры екі ай дегенде даладан мүрдесін табады, бәрінен айырылған ол осылайша арақ пен ғана болып, арақ ішіп бұғып жүре берді.

Ол әлі жатыр, ол енді ойлай алмады, мұздап қалған денесі, тырбынуға да келмеді, әйелі мен баласы соңғы рет қол бұлғап шақырғандай болды, қап – қара болып, жарылып кеткен қастарының астында жатқан, жанары өшіп, көзінен жас тамшылары домалап түсті де, ‹‹оуһ›› деп кең күрсініп, тынысы тарылып көзін жұмды. 

Ол сол орында жата берді, мәңгілік тұрғысы да келмеді. . . 

 

Естен Ербол