Қош бол!

Қош бол!
жеке
блог

Біраздан бері  жігітімнің өлеңдерін жазу ойымда жүрген бүгін осының сәті түсіп отыр!  Біз танысып - білісіп біраз уақыт қыз бен жігіт болып жүрдікте кейін арамызда түсініспеушіліктер болып бір-бірімізден біраз ажырап қалдық сол кезде Маханың жазған өлеңін сіздерге ұсынып отырмын... Әр қыз өз сүйгендері айтып жатқандай сезінсін (Автор: Өсербаев Махаббат)

Қош бол!

Теңіздердей тербелетін толқындармен,

Бірге жүзіп барамын толқындармен.

Қолды бұлғап қаларсың сен жағада,

Сырласа алмасаң сен толқындармен.

 

Ойлайтын сәттер өзіңді жаным кемде-кем,

Ойлауға сені братва мұрша бермеген.

Ауылда-ауыл , қалжыңда-қалжың күлкілер,

Жабырқау сәтте жанымды жалғыз емдеген.

 

Күндердің күні кетерсің сенде өзгеге,

Бұлдырап бұлғын көрінбей жүрсін көзгеде.

Сезімнің шырқау шыңырауыда алыстап.

Бұл бақыт мүмкін бұйырмадыма бізгеде.

 

Өзегімді өртеп өкініп мүмкін жатармын,

Өзіңді ойлап өткенге сүнгіп батармын.

Бір сәтте салған сезімді менде сағынып ,

Басқа бір қыздың жүрегінде таң боп атармын

 

Қош енді қош бол алыстап менен барсың ,

Қанжылап жатқан жүректің аштың жарасын.

Еңіреп жылап езілер жігіт мен емес ,

Бағалай алмадың қазақтың қара баласын.

 

Жүректі тіліп, қан ағызып сорлаған,

Тірлігіне,тірлігіне махаббаттың қорланам .

Сенсіз алем, кішкене ғана дүние ,

Сіріңкенің қорабындай тар маған.

 

Өзіңе қояр ойымда сансыз сұрақ бар,

Жауапсыз қалған, жетімсіреген сұрақтар.

Түкке тұрғысыз сезімдер өзенінде,

Шаршатып бітті толқында,толқын сынақтар...

 

Қиналсамда жасымды қызға қимадым,

Жылаудан емес, жазудан қолды тимадым.

Қарғыс атсын қызықты сол бір түндерді,

Өзгеге түгел өзімен сені қимаған.

 

Ащы сезім жүрегімді қармаған.

Алуан ойлар санамды кеп жаулаған.

Сенсіз әлем, сенсіз мына жарық күн,

Бір мен үшін көрінбеген болмаған..