Балдай тәтті балмұздақтың тарихы
жеке
блог

Балдай тәтті балмұздақтың тарихы

Жаз маусымында  көшеде, кафелерде, дүкендерде балмұздақтардың түр-түрі қаптап кетеді. Тіл үйірер мұздақты жылы күндері сүйсіне жейміз, ал оның шығу тарихы туралы ойланып көрдіңіз бе? Келтірілген кейбір деректерге тоқтала кетсек. Ең алғаш рет балмұздақты Еуропаға Марко Поло әкелген көрінеді. Өзінің кезекті саяхаттарының бірінде ол Қытайда балмұздақтың қалай жасалатынын көреді де, содан кейін оны Италияға алып келіп, ең алғаш рет әзірлеген екен.

Басқа бір нұсқаға үңілсек, Екатерина Медичи Францияға Дюка Орлеанскиийге тұрмысқа шығу үшін барған кезде өзімен бірге балмұздақ дайындау мәзірін жақсы меңгерген ас әзірлеушіні ала кеткен екен.  Келесі бір нұсқада былай дейді: Өте ертеде, ағылшындық  І Карл өзінің жақындары мен туыстарына дастарқан мәзірін ұйымдастырып, бас аспазшысына таңқалдырарлық тағам дайындауын бұйырады. Көп еңбектенген бас аспаз  жаңа тағам ойлап шығарады. Ол жаңа жауған аппақ қарға ұқсағанмен, тәтті болып шығады.Қонақтардың таңқалуында шек болмайды. Сол кезде І Карл бас аспазды шақырып, даярлау әдісін ешкімге айтпауын, тек патша дастарқанына ғана берілу керектігін ескертеді. Ақысына 500 фунт тағайындайды. Кейіннен, 1649 жылдары І Карл билігінен кеткен кезде ас әзірлеуші Де Марко уәдесінде тұрмай, балмұздақ дайындау әдісін  көпшілікке  жариялайды. Америкаға балмұздақ 1774 жылдары жеткен екен. Сауда-саттықпен айналысып жүрген Филипп Лензи есімді саудагер Нью-Йорк газеттерінде өзінің Лондоннан әр түрлі тәттілерді, соның ішінде балмұздақты ала келгенін жарнамалайды. АҚШ президенті Джеймс Мадисонның  әйелі Долли Мадисон 1813 жылы өзінің күйеуінің бал кешінде қонақтарға балмұздақ  ұсынған көрінеді. Одан кейін балмұздақты қолдан жасау әдісінің өнімі Нью-Джерсидегі Нанси Джонсон деген әйел арқылы жүзеге асқан. Ол 1846 жылы қол құралын /фризер/ ойлап шығарған. Бірақ құралды патенттік тіркеуден өткізбеген. Тек, 1848 жылы 30 мамырда Йонг есімді азамат “Джонсонның балмұздақ жасау фризері” деген атпен  тіркейді. Қазірге дейін балмұздақтың әкесі саналатын американдық балмұздақ өндіруші Якоб Фусселл Солтүстік Америкада, Балтық теңізінде, Мэрилендте 1851 жылы әзірлейді. 1926 жылы Кларенс Вогтың көмегімен үздіксіз жұмыс істейтін ең алғашқы фризер жасалынады. Бұдан кейін өнім көлемді мөлшерде шығарыла бастайды.    Ең қызығы, ежелгі Ресейде де балмұздақтың жасау әдісін білген көрінеді. Десерт тағамдарына олар қант қосып қатырылған сүт ұсынады екен. Кейіннен бұл әдісті фрнацуздар да қолданған. Уақыт өте келе балмұздақтың түрлері жер жүзіне тараған. Әрбір ұлт өкілдері дайындау әдісіне өзгеріс енгізуге тырысқан. Австрия жұртшылығы балмұздаққа шоколод, итальяндықтар түрлі жемістер, жаңғақ дәндерін қосуды ойлап шығарған.