Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Эстафета. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама туралы

Эстафета. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама туралы

Эстафета. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама туралы

Кітаптарды бала кезден көп оқимын. Атамның аудармашы-жазушы болғанынан болар, үйде кітап дегеннің түр-түрі болатын. Ата-анам да кітапқұмарлар, сол себеп ес білгелі қолымнан кітап түспейтін. Ганс Христиан Андерсен ертегілерінен бастап, Ян мен Калашников сынды жазушылардың тарихи туындыларына дейін оқылды. Соңғы кездері кітапқа уақыт та жоқ, бірақ анда-санда болса да, кітап оқып тұрамын.

Соңғы оқығандарымнан:

1. Харуки Мураками "Норвежский лес". Әдемі, романтикалық, соған қоса драматикалық туынды. Әңгіме жалпақ тілмен жазылған. Әрине, орысша аудармасын оқыдым, соған қарамастан жапондық бір стиль сезіледі. Бұл туындының ұнағаны, мың жерден фикшн болса да, шынайылық бар. Кітапті кішкентай балаларға (жасөспірімдерге) оқуға болмайды деп есептеймін, себебі өте әсерлі, кей жерлерінде өмірдің анайы келбетін де баяндайды.


2. Неринэ Абганян "Манюня". Өте жеңіл, өте сүйкімді шығарма. Кішкентай Манюня деген қыз туралы хикая. Оқып отырып, бірден сол атмосфераға еніп кетесің. Көз алдыңа өзіңнің де балалық шағын елестеп, бір түрлі ностальгияға батып, сағынышқа бөленесің. Кітап оқылуы өте тез, көңілді оқиғалар мен қызықты жәйттар көңіл-күйді керемет көтереді. Жақсы, жеңіл, балаларға арналған әдебиет қатарындағы шығармаларды іздеп жүргендерге таптырмас қазына)) Барлық жастағы оқырмандарған арналған. 


3. Этель Войнич "Овод". Шыны керек, он бес жасар жасөспірім кезінде алғаш рет оқыдым. Ұмытылмайтындай, естен өшірілмейтіндей әсер алғам. Одан кейін тек университетке түсер алдын, жазғы демалыста тағы оқыдым. Алғаш рет оқып отырғандай күйге ендім. Және, міне, жуырда ғана тағы да, үшінші рет, асыға күткен, көптен сағынып жүрген ғашығымдай қайта қауыштым. Осы жолы бәрі басқаша секілді болып көрінді. Мүмкін, бишара жігітке көңілім көбірек ашып, оны алдап келген пастырьге аяныш азырақ болған секілді. Оқып отырған сайын: "Егер мені осылай алдаған болса, егер мен болсам оның орнында, кешіре алар ма едім?" деген ой көп мазалады. Бұл кітапты көп адам оқыған болар, бірақ мен үшін ерекше маңызды кітап. Ол мен үшін бала кезімнің естелігі.


 

Ал бұлардан басқа Асадовты, Бальзакты, Рождественский мен Тушнованы, Остинді де көп рет қайталай оқи берем. Соңғы уақытта Эдгар Поның әңгімелерін оқып жүрмін. 

"Дәмді" кітаптар тілеймін))))

9953 16
Рейтинг: +3

Автор: Aizhan
Жазылған уақыты: 11 мамыр 2012, 08:52
Тегтер: кітап, эстафета, мен ұсынатын 3 кітап, Мураками, Манюня, Овод
Пікірлер
+0
11 мамыр 2012, 10:06

Күшті екен. Манюня туралы естігенмін, бірақ та оқып көрмеппін. Міндетті түрде, бір ақтарып алу керек екен

+0
11 мамыр 2012, 11:34

Керемет :!: ;)

+0
11 мамыр 2012, 13:30

"Оводты" мен де бірнеше рет оқыған едім. Өте жақсы кітап. Ал жапондық туындыны оқып көру керек екен.

+0
11 мамыр 2012, 15:43

Жақсы екен... Эстафета таяқшасын кімге бересіз?

+0
11 мамыр 2012, 16:40

Айдосқа)))) Таяқша туралы ұмытып кетіппін))))

+0
11 мамыр 2012, 16:46

)енді дұрыс болды!

+0
11 мамыр 2012, 20:57

Ойбууу, енді қайттім? Мен әңгіме кітаптар оқымағалы қай заман... :D Не істесем?

+0
11 мамыр 2012, 16:17

қызыық, "Овод" деген не екен?

+0
11 мамыр 2012, 16:39

Овод деген үлкен ара.

+0
11 мамыр 2012, 16:40

қызық екен...

+0
11 мамыр 2012, 16:36

Манюня тартып тұр. Оқып көру керек екен. Норвежский лесті оқығанмын, жапондық стиль, жапондық өмір, ерекше және маған түсініксіз ))

+0
11 мамыр 2012, 16:54

Бір оқығаннан түсіну қиындау, өйткені жапондық менталитет бізге жат. Мысалы, тиіп-қашпа әңгімелер, керек болса көзімнен ұқ деген ишараттар кейде ойыңды тығырыққа тығады. Не себеп бәрін ашып айтпасқа деген ой да келеді.

+0
12 мамыр 2012, 09:59

Ешқай шығарма мен таныс емес екем(((. Уже скачать етіп жатырмын ))

+0
15 мамыр 2012, 11:32

Уақытымның тығыздығына байланысты мына эстафетаны Айкона ханымға бере тұрайын деп отырмын. Бірақ Айкона ханым жазып болғаннан соң қайтадан маған қайтаратын болса ))) Келісесіз бе?

+0
15 мамыр 2012, 11:33

ок ) Айдос мырза

+0
14 мамыр 2012, 10:02

:D нау жақсы эстаф болды ғо...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев