Су ішсек не болады? Ішпесек ше?

Су ішсек не болады? Ішпесек ше?
жеке
блог

Егер тәтті сусындарды суға алмастырсаңыз:Картинки по запросу су пайдасы

• Артық салмақтан арыла алмай жүргендерге өте пайдалы.. Жарты келі тастау үшін 9 күн бойы басқа сусындарды ысырып қойып, су ішсеңіз 9 күн жүгіргенде кетіретін каллориялардан арыласыз. 

• Метаболизміңіз жоғарылайды. Ол дене бітіміңіздің көркем болып, энергияңыздың көбеюіне себепкер болады. Асқазаныңызға әлі тамақ бармаған жағдайда су ішсеңіз зат алмасу процесі жақсарады. 

• Ми жұмысы жақсарады. Барлығымыз білеміз мидың 75%-85%-ы судан тұрады. Сондықтан суды іше отырып сіз миға нәр бересіз де, байқампаздық қасиетіңіз арта түседі. 

• Азырақ тамақ іше бастайсыз. Су тәбетіңізді басады. Ал ол өз кезегінде артық салмақтан арылуға көмектеседі. 

• Тәніңіздегі токсиндер, керек емес заттар тез шыға бастайды. 

• Су түрлі аурулардың алдын орап әкетуге көмектеседі. Гипертония, несепке байланысты аурулар және ішек ауруларының алдын алады. 

• Жүрегіңіздің жұмысы жақсара түседі. 5 стақан су жүрек ауруларының қауіпін 41%-ға түсіреді. 

• 1 айдан соң бетіңіздің терісі жұмсағырақ болады. Беттегі клеткалар ылғалданып тереңіз жас баланың терісіндей жұмсақ әрі нәзік болады. 

• Әрине сіз өз ақшаңызды үнемдейсіз. Кофенің, пиво секілді ішімдіктер мен газдалған сусындардың бағасы едәуір қымбат екені рас қой. Демек сіз тек қана денсаулығыңызды жақсартып қана қоймайсыз. Сондай ақ артық ақшаңыз болады. Осылайша материялдық жағынан да, денсаулық жағынан да бай боласыз!