Ағылшын тілін үйрену оңай!

Ағылшын тілін үйрену оңай!
жеке
блог

Сіз білесіз бе?! Ағылшын тілін оңай үйрену үшін бірнеше шартты орындау керек. Олар мынадай:
Ағылшындықтар сиықты ағылшын тілін еркін қолдануды алдымызға мақсат етіп қойсақ сол тілде сөйлейтіндер сияқты жүріп-тұру керек, мәдениетін меңгеріп, дәл солар секілді ойлану қажет.
Ағылшындықтардың еліне барғанда сөздерге екпінді дұрыс қоя білсеңіз сізге сыпайы жауап қатып, сыйластықпен қарайтыны сөзсіз.
Түрлі фильмдер мен мультфильмдерді субтитрларын оқи отырып қараңыз. Бұл арқылы жоғарыда айтып кеткендей мәдениетін және күнделікті жүріс-тұрысын бақылау арқылы оп-оңай ағылшын тілін үйрене аласыз.
Әрине тілді меңгеру үшін сөздерді міндетті түрде жаттау керек. Бүгін 5 сөз жаттасаңыз, ертең оған тағы бес сөз қосыңыз. Осылайша бір жылда сөздік қорыңыз ұлғайып керемет жетістікке жетуіңізге болады. Айта кетерлік жайт сөздерді ұмытып қалмас үшін міндетті түрде жаттаған сөздеріңізді қайталап отырыңыз. Әйтпесе бүгін жаттаған сөзіңіз ертең ұмытылып қалуы ғажап емес.
Түрлі жаңылтпаштар оқыңыз. Оңайынан бастағаныңыз әлдеқайда абзалырақ.