Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / «Қараңғы көлеңкелердің» жақсысы мен жаманы

«Қараңғы көлеңкелердің» жақсысы мен жаманы

«Қараңғы көлеңкелердің» жақсысы мен жаманы

Тим Бёртон мен Джонни Депп тандемі қолға алған жобаның ә деп басталғаннан-ақ елдің есін алмаса да, есінде қалып қоятын бір қасиеті бар. Оу бір кездері шыққан «Эдвард Қайшы-қолдардан» бастап, бертіндегі «Қалыңдық мүрдесі» мен «Ғажайыптар әлеміндегі Алисаға» дейін өзге мамандарда жоқ ерекше стильдің, айрықша киноның мысалы ретінде қарастырылады. 10 мамырдан бастап қазақстандық прокатта көрсетіле бастайтын «Қараңғы көлеңкелер» бұл екеудің сегізінші ортақ жобасы екен.

Жұбайын кинодан-киноға тасып жүретін Бёртон бұл жолы да білгенінен жаңылмаған: фильмде бары не, жоғы не кейіпкер дәрігер Джулия Хоффманды режиссердің әйелі Хелена Бонэм Картер ойнайды. Актрисаның талантына шүбәміз жоқ («поттерианадағы» Беллатриса Лестрейндж рөлінің өзі не тұрады), бірақ дәл осы жолы Картердің қаһарманы артық көрінді.

2

Жә, жалпы фильм не туралы деген елге алдымен жауап беріп алайын.

Баяғы өткен заманда (он сегізінші ғасырдың ортасы ғой), Коллинздар отбасы аманда, Барнабас атты бай-бақуатты бағлан жігіт жанұясын алып Англиядан Америкаға жол тартады. Еуропалықтар енді игеріп жатқан континент жаңа отбасының құшағына құлай кетеді: Коллинздер ә дегенше болмай әжептеуір қалашықтың негізін қалап, мал тауып, сол жерге берік орнығады. Бірақ, Барнабастың бағы осы жерде барымталанады. Анжелика Бошар атты Коллинздер әулетінің бетке ұстар жігітіне ғашық болған мыстан қыз әуелі Барнабастың басын айналдыруға тырысады, артынан болмаған соң, бас кейіпкердің әке-шешесін өлтіріп, тұқым-тұяғына жететін қарғыс жолдап, сүйген қызын жардан құлатып, өзін вампирға айналдырып, екі жүз жылға темір табытқа тығып тынады.

Екі ғасыр өткен соң қайта оралған Барнабас Коллинз үйінен төрт туысын, бірі ішуден, бірі еден жуудан қолы босамайтын екі қызметкерді және не үшін жүргені, не істейтіні белгісіз дәрігерді жолықтырады. Бір кезде өзі билеп-төстеген қаланы баяғы Анжелика Бошар бүйіріне басып алған. Жастары шамалас вампир мен мыстанның бақталастығы мен ары тарт та, бері тарт қарым-қатынасы қайта басталады.

3

Актерлар құрамы көзді де, көңілді де қатар қуантты. Кәсіби киноның сүйегін шағып, майын ішкен мамандар Мишель Пфайффер, Джеки Эрл Хейли, Хелена Бонем Картердан бастап асау Голливудты жүгендеп мінеміз деген жас Хлоя Морец пен Белла Хиткоттарға дейін Бёртонның атмосферасын дөп тауып, дәл таныған секілді.

Басты рөлдегі Джонни Депп пен Ева Гринның жұбын ерекшелеп кеткен жөн. Адами кейпінен қалған алаңғасарлығы және ақкөңілділігі вампирлік қанішерлігімен, қатігездігімен астасып кеткен Барнабас Коллинз бен қулық-сұмдығы, жауыздығы, әдемілігі һәм тартымдылығы жағымсыз сезімнен гөрі, сүйсініс туғызатын Анжелика Бошар – фильмнің көрермен арасында танымал болуына сөзсіз әсер ететін кейіпкерлер.

5

Готикалық трагикомедия деп ұсынылған «Қараңғы көлеңкелер» осы стиліне әбден лайық-ақ. Актерлардың гримі, костюмдері, қолданған реквизиттері, күлдіретін диалогтары, тіріле кететін мүсіндер, жекелеген ерекше кадрлар – бәрі-бәрі сәтті таңдалған, жазылған, жасалынған (бёртондық тәжірибе оңдырсын ба). Киноны көрмей, постеріне қарап-ақ «Еее, Бёртондікі шығар» деуге негіз болатын айрықшалығы Хелене Бонем Картердің күйеуінің атақ-шатағын кері тартпасы анық.

Бұған дейін майын тамызып, мақтап келген дүниеміздің аяғын сылтып басқан жері сюжеттік желісі болды. Әуелі ара-тұра ішіңізді пыстырып алып, ақыр аяғында таптаурындықпен сілейтіп кететін оқиға барысы «әне, міне» деп отырғаныңызда фильмді аяқтап, шымылдықты жауып, кетіп қалады. Туынды соңындағы жауыр болған, тек актерлары мен орнын ауыстырған финал Бёртон және Ко дені дұрыс сценарист таппады ма екен деген ойға жетелейді екен. Әйтеуір, атынан Голливуд ат үркетін режисерден бас-аяғы бұрынғыдан өзгеше дүние күтесің.

4

«Қараңғы көлеңкелер» атауын ақтап тұр: күн мен түн, үй мен дала, кеш пен таң – бәрі еңсені басар қара кейіптің астында қалған. Тек ауық-ауық айтылатын (әсіресе Депптің аузынан шығатын) әзілдер, «енді не болар екен» деген қызығушылық, готикалық күйді жеткізе білген мамандар еңбегі және Ева Гриннің сайқалдылығы актерлық ойыны көрген елдің көңілді болуына жағдай жасайды.

6

Соңғы кезде қаптап кеткен «екі вампир – қос ғашық» туралы жылауық фильмдерге мұндай кино түсірудің басқа да жолы бар екенін көрсеткен Бёртон-Депп және басқалар кинотеатрға ағылған елдің мәзіріне ащы-тұщысы аралас тағы бір «тағам» қосып қойыпты.

Ендеше, ас болсын!

Димаш Зиядин

Киностан

368 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 10 мамыр 2012, 22:52
Тегтер: қараңғы көлеңкелер, мрачные тени, dark shadows, джонни депп, мишель пфайффер, хелена бонем картер, ева грин, джеки эрл хейли, джонни ли миллер, белла хиткот, хлоя грейс морец, гулливер макграт, тим бёртон, вампир, қанішер, готика, трагикомедия
Пікірлер
+0
11 мамыр 2012, 09:00

мен осындай киноларды көре алмаймын

+0
11 мамыр 2012, 16:20

Мен де мүлде қарай алмаймын!

+0
11 мамыр 2012, 09:39

Жақсы көрем анау актрисаны)))) Күйеуінің арқасында шығып жүр деуге келмейді, қайткенімен)) бездарь емес қой. Маған оның "Король говорит" деген кинодағы рөлі де, өзі де қатты ұнады.

+0
11 мамыр 2012, 10:41

Әрине, Хелена маған өте ұнайтын, сыйлайтын актрсаның бірі. Тек осы жолы сәтсіз шыққан да.

+0
11 мамыр 2012, 15:41

Барам!+

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев