Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Фатмагүл мен Керем. Тағдыр тоғыстырған...

Фатмагүл мен Керем. Тағдыр тоғыстырған...

Фатмагүл мен Керем. Тағдыр тоғыстырған...

 

Fatmagul хикаясының түсірілімі барысында түрік баспасөз беттерінде екеуінің махаббаты жайлы жиі сөз болып, олардың болашағын бір отбасына тоғыстырған болжамдар айтылып, көпшілік алдына бірге шыққан сәттерін папарация суретке түсіруге үлгеріп жататын. Берен Саат пен Энгин Акюрек тосын жаңалық іздеушілердің басты құрбанына айналғанына біршама уақыт өтті.

Алайда, сұхбаттарының бірінде актриса «актерлар арасындағы достық – табиғи құбылыс, өйткені біз тәулігіне 20 сағат, аптасына 5-6 күн бірге боламыз. Алайда, телехикаяға бірге түскен әріптестеріммен ешқашан жақын қарым-қатынаста болған емеспін»,-деп ағынан жарылған болатын. Соған қарамастан, мұндай сыбыстарға тоқтау болмай тұр. Басты себебі – олар сомдаған кейіпкерлер Фатмагүл (Берен Саат) мен Керемнің (Энгин Акюрек) хикаядағы махаббаты.

«Фатмагүл» мелодрамасының сценарийі 30 жылдай бұрын жазылған еді. Әр уақытта түрлі сценаристер филмге түрлі атау берген: «Үмітсіз таңдар», «Бұл әлемді қарғыс атсын». Алайда, сценаристердің ешбіріне шығарма авторының көңілі толмайды, сондықтан да ол фильм түсіруге өз рұқсатын бермей келген. Тек, 1986 жылы Веджат Тюркальдың тартымды сценарийі бойынша, режиссер Сурея Дуру «Фатмагүлдің кінәсі неде?» деп аталатын көркем фильм түсірген болатын. Ал, 2010 жылы телекөрермендердің ыстық ықыласына бөленген осы аттас телехикая жарық көрді. Өткен жылдың қыркүйек айында хикаяның жалғасы түсіріле бастады...

Естеріңізге саламыз, қайғылы жағдай себеп болып, Керем мен Фатмагүл ерлі-зайыпты атанады. Бір шаңырақ астында, бірін-бірі жау тұтқан екі жас тұрып жатты. Алайда, екеуі де жүректерінің түбінде ыстық сезімнің оянғанына хабарсыз еді...

Атышулы хикаяның екінші маусымында жастардың бақытқа жету жолындағы күресі сөз болады. Кінәсіз екеніне қарамастан, Керем – зорлықшылардың бірі Вуралдың өліміне жалғыз күдікті ретінде түрмеге жабылады.
Керемнен алыста жүргенде ғана Фатмагүл бұл жігіттің өз өміріндегі маңызын сезінеді. Кездесу бөлмесіндегі қысқа жүздесулерде бір-біріне деген сағынышы басылмаса да, осы бір сәттер екеуіне де күш берді. Бір-біріне сырларын айтып ашық хаттар жазады. Айырылысар сәт туған шақта ғана, бұл тағдырдың жазған кезекті сынағы екенін түсінеді. Фатмагүлдің өмірге деген құштарлығы қайта оянып, қасындағы жігіт өмірлік серігі болатынына кәміл сенеді.
Фатмагүл жауларына қарсы ашқан күрес шоқтан жалынған айналды. Қоғам тарапынан қолдау тапқан бойжеткеннің өзіне деген де сенімі арта түсті. Ол енді әділет үшін күреспек! Бір-біріне ынтызар Фатмагүл мен Керемнің арманы орындалар сәт таяу...

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 10 мамыр 2012, 16:00
Тегтер: 31 арна, фатмагүл, телехикая, түрік сериалдары
Пікірлер
+0
10 мамыр 2012, 16:26

күшті сериал!

+0
10 мамыр 2012, 17:17

Екінші кезеңі басталғалы бері көре бастадым. Мұстафаның жайы не болар екен? Маған сол қызық болып жүр.

+0
10 мамыр 2012, 19:44

Интернеттен түрік тілінде көріп жүрмін. Керемет хихая! Тағы қайталап көрсемде жалықпаспын.

+0
11 мамыр 2012, 13:34

Ақмарал маған ссылкасын жибере аласыз ба? менде көргім кеп барады.

+0
11 мамыр 2012, 13:43

http://www.youtube.com/watch?v=WbE5dKBnyho&feature=relmfu міне осында...

+0
11 мамыр 2012, 21:53

:) жаксы корем осы сериалды!!!

+0
17 мамыр 2012, 16:17

осы түріктерден қорқам ше? біздің қалада көп. Қыздарға біртүрлі қарайды. (қыз көрмегендей болып). :cry:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.