Мектептегі мұғалімдер....

Мектептегі мұғалімдер....
жеке
блог

Сәлеметсіздерме!Қош келдім! Менің тіркелгеніме де көп бола қойған жоқ...Не жазамын деп ойланып жүр едім...Мен Киелі Маңғыстаудың Жаңаөзен қаласының қызымын...Мектеп жасындағы оқушымын...А, мектеп демекші мектептегі мұғалімдер туралы айтпақшымын.....Біздің мектептің мұғалімдері қызық.


Алгебра пән мұғалімі А апай: Математикасыз, логикасыз сіздер болашақта нан таба алмайсыз, түрлі амал-тәсілдерді білуіңіз керек...бәсекеге қабілетті, тығырықтан шығарға жол табуға математиканың үлесі зор.Себебі математика сіздің ойлау қабілетіңізді арттырады.Математиканы таңдаңыздар қор болмайсыз - дейді.

Ал, әдебиет, қазақ тілі пән мұғалімі М апай: Әдебиетсіз өмір қараңғы.Ақындардың өлеңін, жазушылардың шығармаларын оқымау - ауыр қылмыс - дейді.

Жанымызды алардай қорқатын, сұсты Т апайымыз: Физика - бұл құбылыс.Ол өмірде болып жатқан қозғалыс.Айналаңдағы сансыз сұрақтың жауабын физикадан табасың - дейді. 

Биология пән мұғалімі мүлдем өзгеше Р апай: Биология - ол денсаулық, ол организм, ол тіршілік.Сенің денің сау болмаса атақ, абыройың бір тиын.Өз огранизміңзде не болып жатырғанын білуге міндеттісің - дейді.

Бетінде әжімі көп, көзі жәудіреп жүретін С тарих апайымыз: Тарихсыз болашақ жоқ!Ата-бабаңды,салт-дәстуріңді, тегіңді біліп,ары қарай дәріптеу сіздердің қолыңызда.-дейді

Барлық пәннің маңызы зор!Бірақ бәріненде таңдаулысы, жанымызға жақыны қай пән болғаны белгісіз болып қала берді....Ал,сіздер үшін жаныңыз сүйіп оқитын қандай пән ?