Сән әлеміне саяхат
жеке
блог

Сән әлеміне саяхат

Қөктемнің шуақты күндері өз белгісін берді. Енді дала құлпырып, әсем тоңын киді. Табиғатпен бірге адамдар да сұлулыққа ұмтылуда. Жайма шуақ күндері әркім өзін кербез сезінгісі келеді. Сондықтан сән барша жұртты қызықтырады. Соған орай, көктем мен жаз мезгіліне арналған әлемнің FASHION индустриясы ұсынған кеңестерді төменде оқи аласыз.

  • Түс

«Адам көркі-шүберек» демекші, сол шүперектің түсі де өте маңызды.  Көктем мен жаз ашық түстерді талап ететін мезгілдер болғандықтан, осы жылғы трендте де ашық түстер әр адамның киім үлгісінен табылу керек. Сән әлемі осы жылғы ең үздік түс-ақ  деп санайды екен. Әсіресе, Dolce & Gabbana өз топтамасында осы түсті көп қолданған. «Қыздың көзі қызылда» деген сөз бар. Осы жолы сәнгерлердің көзі сол қызылға түсіпті. Қызыл түсті сіз Dior және Valentino подиумдарынан көре аласыздар. Valentino демекші, олар қызылмен қоса, күлгін түсті де молынан қолданған. Ашық күлгін түс әрбір қызды ханшайымға айналдырып, құлпыртар. Тағы бір түс- қызғылт-сары. Бұл түс әр киімнің сәнді құраушысына айналмақ. Vicroria Beckham топтамасынан қызғылт-сары көзге көп түсер.ақ түсқызыл түскүлгінқызғылт-сары

 

  • Принт

 Көктем... хош иісті гүлдер...табиғат... Осының барлығы жаңа топтамаларда өз көрінісін тапқан. Жоғарыда айтып кеткендей көктемді шақыратын бейнелер ашық түсті киім үстінде әсем көріністе болады. Яғни, гүлдер, жапырақтар мен балғын шөп осы жылғы сәнқойлардың киім үлгісінен табылары анық және осы принт түрлері Gucci және  Kenzo топтамаларында көрсетілімге ұсынылған. Таңғаларлығы осы жылы сән әлемінен жоғалып кеткен қабылан терісіне ұқсас маталар тағы жарыққа шықты. Оны қолдаған Dolce&Gabbana дизайнерлері.  Олардың тағы бір жаналығы, топтамаларына бұршақ принтін қолдануы. Олардан қалыспай Dior да осы принтті қолданған.гүлдербұршаққабылан

 

Осы жылы мектеп, жоғары оқу орнын бітіріп жатқан түлектер құлақтарыңызға алтын сырға. Бітіру кешіне дайындалып жатқан шығарсыздар. Әрбір қыз әдемі және сәннен қалыспайтын көйлекте болғысы келеді. Сондықтан киім үлгісін таңдап, бастарыңыз қатып жүрген шығар. Сол үшін осы жылғы әрбір сән үйлерінің топтамаларын қарап, осы жылғы сәнді деген киім үлгілерін жазбақпын.

  • Алдыңғы жылы сәнге айналған кроп-топ, осы жылы да танымалдылығынан айырылмады. Бөлек жейде мен белдемшеден тұратын образ белі бұралған қыздардың көркін ашар.кроп топ
  • Тағы бір трэнд-шалбар үлгісіндегі кешкі киім. Яғни, комбинезон десе де болады. Бұл үлгі өте әсерлі, әрі қайталанбас болып көрінеді.шалбар
  • Бұрын шкафтың ең жоғарғы сөресіне салып тастаған, аналарыңыздың көйлектерін алып шықсаңыз болады. Себебі, осы жылы сексенінші жылғы сән қайта тумақ. Кең қонышты, тізеден аспайтын көйлектер сән әлемінде қайтадан өз орнын тапты.80-жылдар
  • Асимметрия-кез келген затты ось арқылы екіге бейнелі түрде бөлгенде симетрияның болмауы, нақтырақ, екеуінің ұқсас болмауы. Бұл ұғым осы жылы танымал болмақ. Жейденің бір иығы екіншісіне ұқсамауы, белдемшенің бір жағы ұзын болуы және т.б  барлығы асимметрияға жатады.асимметрия
  • Кең иықты көйлектер мойны сұңғақ қыздарға жарасады, әрі сәнге сай болады.кең
  • Голивуд жұлдыздары қызыл кілемнен жарқырап өтетіндей. Сіздер де жұлдыздай жайнап, жылтыр киім кие аласыз.жылтыр
  • Осы маусымның сәніне ағылшынның V әрпіне ұқсас етіліп қиылған жейденің мойны енген. Көп сәнгерлер өз топтамаларында осы тәсілді қолданған.обрез

Бұл мақалада жаңадан келіп жатқан барлық ақпаратты жинауға тырыстым. Егер сізге бұл жазба пайдалы болса, мен өте қуаныштымын. Бірақ естеріңізде болсын, ең бастысы сәнді қуып киіну емес, маңыздысы оның сізге жарасуы. Өзіңіздің жүрегіңіз нені қаласа, соны таңдаңыз. Жүрек қалауы еш уақытта алдамас. Тағы бірі, сіз қазақ деген елдің инабатты, ибалы азаматысыз, сондықтан соған сай киінуге тырысыңыз. Жинақы әрі ұстамды киім сізді ешқашан сәннен қалдырмас. Ұлдарымыз рухты, қыздарымыз ғұрыпты болғай!