Ақуыздың пайдасын білесің бе?
жеке
блог

Ақуыздың пайдасын білесің бе?

 

  Том Сайсе атты тағамтанушы ғалым 20 жылға жуық уақытын мезгілсіз қартайған адамдарды зерттеумен өткізген. Табандылығының арқасында Том Сойсе сүбелі нәтижеге қол жеткізді. Қалыпты адамдар ағзасындағы ақуыздар мен түрлі дәрумендерді және минералды заттардың жеткілікті болуын ұзақ уақыт бойы қадағалап отырған. Осылай жалғастыра отырып, сәйкесінше ем жасаған. Нәтижесінде ем алушылардың жағдайы жақсарып, беті бері қарап, күш-қуаты артқан.

     Шығатын қорытынды, адам ағзасына тамақпен бірге түсетін керекті заттардың сіңбей қалуынан қартаю процесі жеделденеді. Нәтижесінде ағзадағы сіңбей қалған қалдықтар зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді. Содан ағзадағы тіндер мен жасушалар құрамы өзгереді. Медицина мамандарының айтуы бойынша, адам жасы 45-тен асқан тұста ағзадағы ішкі секреция бездерінің жұмыс режимі ауысады екен, нақ осы шақта ақуызға толы тағамдар санын тұтынуды қысқартқан абзал.

     Ұлт - денсаулығы, ұлт - болашағы. Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!