15 мың теңгеге тамақтанып, пәтер ұтып алды

15 мың теңгеге тамақтанып, пәтер ұтып алды
жеке
блог

Ол бақытты жан кім десеңіз, ол Исмаилов Жумагали деген азамат. Жеңімпаз Esentai City үйлеріндегі 3 бөлмелі пәтерге ие болды.

2016 жылдың 1 қазанынан бастап, 2017 жылдың 15 наурызына дейін Parmigiano Group мейрамхана желісінде 15 мың теңгеден аса тамақтанған әрбір қонақ пәтер ұтысына қатысты. 6 ай ішінде 60 мыңнан астам купон толтырылды. Сондай-ақ, ақтық финалда ұтыс ойынының серіктестері Almaty Vilnius Architects, Qazkom, Samsonite, Air Astana, Rixos, Sergio Interiors, Tilla Bijoux, Esentai Gourmet  компаниялары атынан да қосымша 10 сыйлық ойнатылды. Атап айтсақ, 6 ай ішінде ұтыстың жеңімпаздарына Air Astana компаниясы Дубай, Куала-Лумпур, Хошимин, Рас-эль-Хайме, Тегеран қалаларына 2 авиабилет, Qazkom банкі теңгерімі 175 000 теңгені құрайтын 2 карта, 2 сақтандыру полисін, Samsonite компаниясы 2 шабадан, Parmigiano Group компаниясы жеңілдігі бар карта сыйлады.

Ақтық финалда ұйымдастырушылар ұтыстың әділ өтуіне бар күшін салды. Ұтыс 50 шақты адамның, 10 адамнан құралған комиссия мүшелерінің алдында жүргізілді. Сондай-ақ, facebook.com/parmigianogroup парақшасында тікелей эфирде ойнатылды.

Esentai City –  46 гектар аумағындағы Алматы қаласындағы жаңа аудан. Esentai City үйлерінің құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында басталды. Құрылыс 2017 жылдың қазан айында аяқталады.