Жеңіс күні дүниеге келгенде....

Жеңіс күні дүниеге келгенде....
жеке
блог

1945 жылдың 9 мамыры талай жүректерге жалын бергені анық. Жеңіс күнінің құрметіне орай талай сәбилер Жеңіс есімін иеленіп келеді. Осы ретте өнер адамдарының арасындағы Жеңіс есімді жандарға тоқтала кетуді жөн көріп отырмын...

Жеңіс Ысқақова - жеңіс күні дүние есігін ашқан қазақ эстрадасының күміс көмей әншісі. Қос мерекені бөліп жармай қатар тойлау әншінің бала кезгі әдеті. Менің туылған күнімді барлығы тойлайды деп қуанышта жүреді. Өнердегі жеңісім, биік белестерді бағындыруым атыма тікелей байланысты. Ал, биылғы туылған күнімді әдеттегідей сахнада атап өтетінін айтады. Яғни Жеңіс Сейдолланың мерей тойына барып өнерін көрсетеді. Гүлдер ансамблінің директоры, Жеңіс Сейдолла да 9-мамырда дүниеге келген. Бірақ,  жеке куәлігіне 14 мамырда деп жазылыпты. Ұлының дүниеге келгеніне қуанған әкесі отыз күн ойын, 40 күн тойын өткізіп жүріп, байқаусызда  9 мамыр емес, 14 мамыр деп жаздырып қойыпты. Баласын Кеңес деп атағысы келген әкесіне анасы араласып Жеңіс деп есім бергізіпті. Жеңіс Сейдолла менің өмірдегі жеңісім: гүлдер ансамблін басқаруым дейді. Ал, келесі әнші ол -  Жеңісхан. Көп жастардың сүйіп тыңдайтын әншісі. Аренби стилінде ән айтатын әншінің де туылған күні 9-мамыр. Бүгінде режиссуралықпен айналысып жүрген Жеңісхан, келешекте кино түсіруді жоспарлап жүр екен.   Ұлы жеңіс күні айтулы мерекелердің бірі.  Осыған орай Жеңіс күні дүниеге келген барлық азаматтар мен күллі халықты  ұлы жеңістің 67 жылдығымын құттықтаймын. 

P.S: Жеңіс күні құтты болсын МАССАГЕТТІКТЕР!!!