Маманның мәнді дәрісі

Маманның мәнді дәрісі
жеке
блог

 

14 наурыз күні Алматы  қалалық «Жас Отан» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен Орталық-Азия университетінде халықаралық бизнес-тренер, ЕСА (European Coaching Association) және  KE+P (Volkswagen) стандараттары бойынша маманданған дәріскер, HR саласы мен стратегиялық және ұйымдастырушылық дамытудың, психология және мәдениаралық байланыстың халықаралық сарапшысы Константин Шамбермен кездесу өтті. 11 университет пен бизнес мектептерінде дәріс оқитын бұл маман Мюнхен университетінің атақты философы және профессоры Ульрих Бектің шәкірті және серіктесі.

Халықаралық дәрежедегі маманның қызықты дәрісін тыңдауға қаламыздың әр түрлі университетінен жиылған студенттер қатысты. Өз бизнесін қалай бастауды, және өз тауарының басқа тауарлардан қалай ерекшеленетінін,сондай-ақ, бизнесті сәтті жүргізудің ұтымды жолдары туралы мәліметке қаныққан студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын естіді.  Ал, «Жас Отан» Жастар Қанатының белсенді мүшелері болашаққа бағдар берер осындай білікті мамандармен кездесу өткізуді дәстүрлі үрдіске айналдыратынын айтып өтті.