Сенбіні бұзғандар. Құран қиссаларынан..

Сенбіні бұзғандар. Құран қиссаларынан..
жеке
блог

 

Сенбі күнгілер
 Құранда келген бұл қисса біздің үмметте болмаса да қасиетті Құранда келген қиссалардан біз әрқашан да пайда алатынымыз күмәнсіз. Аллаһ Тағала ол жайлы былай деген: "Әрине олардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ өзінен бұрыңғы кітаптарды растайды. Сондай-ақ иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік" (Юсуф сүресі, 111 аят).
Қиссаның басталуы 
Бұл оқиғаның қай елді-мекенінде, қай теңіздің жағалауында, қай заманда және ол елдің басшысы кім болғандығы жайында Құранда айтылмаған. Себебі ол атауларды білгендік айтарлықтай пайда әкелмейді. Құранның қысқа әрі нұсқа айтуы көркем сөздің ең жоғарғы мысалы болып есептеледі. Құран әр нәрсені кемшіліксіз қажетті мағынасын толығымен жеткізген.
Ең бастысы, бұл елді-мекеннің теңіз жағалауында болғандығы және олардың кәсібі балық аулау болғаны.
Аллаһ тағала оларды: "олар шектен шығатын еді" деп сипаттады. Яғни балық аулап Аллаһтың әміріне қарсы келуші еді. 
Олардың сенбі күнгі тыйымды бұзулары, Аллаһ тағала иаһудилерге сенбі күні жұмыс істеулерінен тыйған. Бұл тыйым олардың Аллаһқа және пайғамбарларына қарсы келулері себепті болған Аллаһ тағаланың оларға қойған ауыртпалығы. Негізінде, әуелгісінде олар жұма күнін құрметтеуге бұйырылған болатын, себебі Аллаһ тағаланың құзырындағы күндердің ең ұлысы жұма күні болатын. Олар пайғамбарларына қарсы келіп, оларға жеткізген әуелгі әміріне бойсұнбады. Аллаһ тағала оларды құрметті жұма күнінен махрұм етіп, құрмет етулері үшін оларға сенбі күнін белгіледі.
Аллаһ тағала: "шын мәнінде сенбі; ол жайында таласқандарға (мереке) күні қылынды. (Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың, қиямет күні, олардың араларындағы таластарға үкім береді" деді (Нахыл сүресі, 124 аят). Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "біз ең ақырғы үмметпіз, Қиямет күні ең әуелгі үммет боламыз, жәннатқа ең әуелі кіреміз. Әуелгі қауымдарға кітап бірінші беріліп, бізге олардан кейін берілді, бірақ әуелгілер қарсы келді. Аллаһ бізді олардың қарсы келген ақиқатына бастады. Бұл күн олардың қарсы келген күндері, Аллаһ бізді сол жұма күніне бастады. Бұл күн бізге, ертеңгі күн иаһудилерге (сенбі) және бүрсікүні насранилерге (християндарға жексенбі)" деген (имам әл-Бұхари 836, имам Муслим 855), жұма күні олар үшін ұлықтау күні болған, бірақ та олар сол күннен шегерілген. Аллаһ тағала ауыртпалық ретінде оларға сенбі күні жұмыс істеуді тыйды. Сенбі күні кәсіп етуге рұқсат болған жоқ, ол күні  олар тек құлшылық етулері керек болды.  Себебі олар күнделікті құлшылықтарына немқұрайды болып орындамаған, сондықтан бір күн толығымен апталық құлшылықтарын орындауға бұйырылған.
Мұсылмандар мұның ең жеңіліне бұйырылған. Мұсылмандар жұма күнгі жұма намазын орындауға бұйырылған. Аллаһ тағала: "Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы" деді (Жұма сүресі, 9 аят). Аллаһ тағала жұма күнгі хұтба басталар алдындағы азанды естісімен шұғылдарын қойып мешітке намазға баруларын бұйырды, намаздан босағаннан кейін жер бетіне Аллаһтың кеңшілігін іздеуді бұйырды: "Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Аллаһтың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Аллаһты көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар" (Жұма сүресі, 10 аят).
Себебі мұсылман үмметі, Ұлы Аллаһқа барлық мақтау болсын, құлшылықтарына, күнделікті бес уақыт намазына тиянақты қарайтын халық. Сондықтан олар исраил халқына қажет болған толығымен бір күнгі құлшылыққа берілуге мұқтаж болмады. Мұсылмандар күнделікті құлшықтарына тиянақты болғандығы себепті құрметтеліп, жұма күні кәсіптеріне тыйым салынбады, тек жұма намазы уақытына ғана намазға бару үшін кәсібін қоюға бұйырылған.
Сенбі күнгі жұмыстың тыйым болғандығын иаһудилер өтіріктерінен жиіркенішті қисса ойлап тауып түсіндіруге тырысады. Олардың айтуынша Аллаһ тағала бүкіл әлемді жоқтан бар етіп жаратқанда жексенбі күнінен бастап жұма күніне дейін жаратып бітіп жетінші күні шаршағандығынан демалады дейді, сондықтан да құлдарына да сол күні амалдарын тастап, құлшылықтарын орындап, демдерін алу міндет дейді.
Бұл олардың бүкіл әлемнің Раббысы жайлы үлкен надандықтарынан, үлкен зұлымдықтарынан. Аллаһ тағала оларға: "Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық және бізге шаршау тимеді" деп қайтарды (Қоф сүресі, 38 аят).
Рұқсат етілген көп те, арам етілгені аз
 
Сол елді-мекеннің кәсібі балық аулау болатын, олардың сенбі күні балық аулап қарсы келулері бір ғажайып жағдаймен басталды.
Аллаһ тағала бұл жайлы: "Сол уақытта олар сенбі де (балық аулап) шектен шығатын еді. Сонда олардың сенбіні құттықтаған күндерінде балықтар оларға қаптап келіп, сенбісіз күндерде оларға келмейтін еді" деді (Ағраф сүресі, 163 аят). Оларға тыйым салынған сенбі күні теңіз балыққа толы болды. Олардың қанаттары судың бетінен көрінетін болды. Әлбетте, балықтар аптаның күндерін ажыратпайды, бұл жағдайдың осылай болуын Аллаһ қалады. "Сенбісіз күндерде оларға келмейтін еді" яғни аптаның қалған күндерінде теңізде балық болмады.
Осы жерде шариғаттың ең маңызды асылын байқаймыз, егер де Аллаһ тағаланың құлдарына орнатқан шариғатын қарасақ, негізінде харамның аз екенін байқаймыз, ал Аллаһ тағаланың адал еткені негізінде көп екенін байқаймыз. Бұл қиссада тыйым салынған бір-ақ күн де, рұқсат етілгені алты күн.
Сол сияқты, Аллаһ тағаланың мұсылман үмметіне бұйырғанында аптаның барлық күнінде жұмыс істеуге рұқсат та, жұма күнгінің аз мөлшері ғана тыйым салынған. Аллаһ тағаланың басқа да тыйымдарына қарасақ онық аз болып, адал еткенінің көп екенін байқаймыз.
 Аллаһ тағала қасиетті Құранда: "Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты" деді. Жердегінің барлығы адал. Аллаһ тағала қасиетті Құранда: "Әй адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нәрседен жеңдер! Және шайтанның ізімен жүрмеңдер, өйткені ол сендерге ашық дұшпан" деді.
Солардың ішінен Аллаһ тағала нені арам етіп тыйды екен? Аллаһ тағала арам өлген малды, қанды, доңызыдың етін, Аллаһтан өзгеге арнап сойылған, Аллаһтан өзгенің есімі аталып сойылған мал етін харам етті. Қасиетті Құранда: "(Мұхаммед Ғ.С.): «Маған уахи етілгенде, жейтін кісіге жеуге арам болған нәрсені таппадым. Бірақ жемтік, немесе ағызылған қан, негізінен арам доңыз еті, немесе күнәлы болып, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам. Біреу бас тартпай, шектен шықпай шарасыз қалса (жеуіне болады). Күдіксіз Раббың аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де" делінеді. Барлық мал жануарлары адал, тек доңыз және де пайғамбарымыз тыйған үй есегі, жануарлардан ит тістілер (жыртқыштар), құстардан тырнақтылар (жыртқыш құстар) арам есептеледі.
Адам арасындағы қарым-қатынастарға байланысты сату, сатып алу, жалға беру (тұрғын үйді, егістікті, тіпті жеміс ағаштарын) сияқты байланыстардың барлығы да рұқсат етілген, Аллаһ тағала тек рибаны (өсім), құмарды (азарт) тыйды. Аллаһ тыйым салғанынан басқа адамның барлық кәсібі негізіде адал. Сондықтан да, шариғаттың негізінде арамнан гөрі адал көп. Бірақ та, адамдардың арасында арам кеңінен тарап, адалдан да асып кетердей. Тіпті адалды таба алмайтындай жағдайға дейін барады.
Қиссада келген исраил халқында осы жағдай болады. Тыйым салынған күн азы ғана болса да олар үшін кеңейеді. Яғни олар балықты сенбі күні ғана көреді, ал қалған күндері көрінбейді.
Осы жағдай адамдардық қазіргі жағдайына ұқсайды. Адамдардың рұқсат етілген қарым-қатынас түрлері көп болып, тыйым салынғаны тек өсім мен құмар екі-ақ түрі болса да, барлық жерлерде өсім қаптап, ол жоқ жерлер жоқтың қасы болып қалған.
Арамның кеңейіп, адалдың тарылуын байқайсың, тіпті кейбір замандарда, кейбір жерлерде кей елді-мекендерде арам толып, адал табылмай да қалады. Аллақ тағала неліктен адамдарға адал еткенін тарылтып, арам еткенін кеңейтеді екен?
Аллаһ тағала Құранда сол даналықты түсіндіреді: "олардың пасықтықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық"
Бұл Аллаһтың сынағы. Ал пасықтық дегеніміз: Аллаһқа бойсұнбау, бойсұнуынан шығу. Адалдың тарылып, арамның кеңеюіне әкелетіні осы. Аллаға бойсұну мен қарсы келудің адам ырзығы мен кәсібі арасында мықты байланыс бар екендігін адам түсінуі керек.
Егер адамның ырзық несібесі кең және еліктіретін болса, сондай ақ арамнан жиналған болса, сол адамның құрдымға кеткендігі. Аллаһ тағала қасиетті Құранда: "оларды білмеген жақтан баяулап алдап тартамыз. Оларды кейінге қалдымын. Шынында шараларым күшті" деген (әл-Қалам сүресі 44-45 аяттар).
Аллаһ тағала кімге арамнан ырзық беріп және оған жолын жеңілдетсе, оны сонымен сынағандығы. Егер де адам тоқтамай, сол арам ісін жалғастырып кәсіп етсе, Аллаһ үсті-үстіне қосып, ол адам соңында құриды. Бұл жайлы Аллаһ тағала Құранда: "Сөйтіп олар берілген үгітті ұмытқан кезде, оларға әр нәрсенің есігін ашып жібердік. Хатте берілген нәрсеге мәз-мейрам болғанға дейін. Оларды кенеттен қолға алғанымызда, сол уақытта олар, күдерлерін бір-ақ үзді" деді (әл-Анғам сүресі, 44 аят).
Бұл елді мекендегі "таңғажайып" жағдай Аллаһ тағаланың сынағы еді. Олар ырзықтың азайғанына ой салып, Аллаһтың құдыретіне бойсұнып, пайғамбарларына келтірген қарсылықтары үшін кешірім сұрап, қарсы келулерін қойып тәубелеріне келу керек еді. Аллаһқа тәубе ету сол елді мекеннің сол жағдайынан шығарар емі еді.
Бірақ исраил халқы не істеді? Аллаһтың сынағын түсінбеген олар, Оның қойған шариғатына қулық ойластырды. Балықтың тек Аллаһтың ғана әмірімен қозғалатынын білмеп пе еді олар, бірақ та ғапылдыққа салынып, көздеріне балық оларды алдағандай көрініп, оны қулықпен аулауға кіріседі. 
Араларындағы біреулері ауды суға жұма күні салып, яғни жұмыс істеуге харам болған сенбі күннің алдын, сенбі күні балық сол ауға түсіп, оны жексенбі күні алатын болды.
Балықтың иісін сезген кейбіреулері іздеп үйін табады да балықты қалай аулағанын сұрастыра бастайды. Апталар өтеді ме, әлде айлар өтеді ме, әйтеуір оларға қалай аулағанын айтады.
Халық болып сол істі қайталап балық аулауға кіріседі. Сонда ақталғандағы сөздері: "біз балықты сенбі күні ауламаймыз, біз сенбі күні жұмыс атқармаймыз" дегендері болды. Алайда, балық аулау қай күні жүзеге асты? Әлбетте сенбі күні! Бірақ та, олардың істері Аллаһтың шариғатымен ойнау болды, қулық жасау болды.
Жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтарудың пайдалары
 
Аллаһ тағаланың тыйымын жоғарыдағы айтылған жолмен бұзу басталады.
Осы жағдайда жұрт үшке бөлінеді:
Біріншілері: арам қулықтарымен айналысқандар.
Екіншілері: арам қулықтан бас тартқандар, олар салихалылары. Сенбі күнгі тыйымға немқұрайлы қарағандарды істерінен бас тартып Аллаһқа бойсұнуға шақырғандары.
Үшіншілері: үндемегендері, яғни тоқтатпағандары. Керісінше, тоқтату жасағандардың күдерлерін үзбекші болғандар. Олар жайлы Құранда: "Сол уақытта олардан бір тобы: «Алла жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?»,- деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар» деді" делінеді.
Адамдардың бұл түрі жақсылық пен жамандақтаң арасын ажырата білсе де адамдарды үгіттемегендер. Себебі олар жағдайды өзгерте алмаймыз дейтіндер. Алайда халықты жақсылыққа, Аллаһтың әміріне бойсұнуға үгіттеп шақырғанда екі мақсат бар:
Біріншіден: Аллаһ тағаланың алдында ақталу.
Екіншіден: Халықтың тура жолға келуі.
Бірінші мақсаты: Аллаһтың адында ғұзыр болу үшін 
Үгіттеушілердің жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтарғандағы бірінші мақсаты: "Раббыларыңа ғұзырымыз болсын" деген сөздері. Тіптен олардың шақырғандарына халық жауап бермесе де Аллаһтың жанында олар сауапты болады.
Екінші мақсаты: Халықтың тура жолға келуі 
Үгіттеушілердің екінші айтқан мақсаттары: "бәлкім олар сақтанар", яғни олар тақуалық етер. Олардың осы сөзінен байқайтынымыз жақсылыққа шақырудың нәтижесі үгіттеушінің қолында емес. Оны Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Сол үгіттеушілердің үміті Аллаһ сол қауымды тура жолға салып, олардың көп уағыздауларымен тақуалыққа келулері болатын.
Маймыл болып қор болыңдар
Аллаһ тағала  шариғатты әзіл көріп шектен шыққандар жайлы Құранда: "Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар» дедік" дейді.
Үгіттеуші топ жасаған уағыздарына күнә жасаушы топтың жауап бермегеніне көздері жеткеннен кейін көшіп кетеді. Бұл олардың төнген қатерлі азаптан құтылудың бастамасы еді. Ибн Аббас айтқанындай олар қарсы келушілер мен өз араларына қоршау қалайды.
Себебі Аллаһтың тыйымын бұзушылар үгіт-насихатқа құлақ аспай шектен шықты. Тіпті сенбі күннің өзінде де балық аулауды бастайды. Күндердің бір күнінде Аллаһ тағала осы әмірін береді: "маймыл болып қор болыңдар!". Яғни, Аллаһ тағала "бол!" деді, әмірі орындалды, қарсы келушілер жиіркенішті маймылдарға айналды. Аллаһ сақтасын!
Салихалылар қарсы келгендердің хал-жағдайын білмекші болып қорғандарының әр жағын қарайды. Бірақ та ауылдан ешкімді таппайды, тек шыңғырып үріп жүрген маймылдарды көреді. Олар ауылға кіргенде маймылға айналғандар олардан өздерінің туыстарын, көршілерін танып келеді. Оларды келіп иіскей бастайды, сонда оларға: "сендерді тыймап па едік?" дейді салихалылар. Олар жауап қатамай, тек келісетіндіктерін изеп білдіреді де жылайды.
Олардың жастары маймылға айналып, кәрілері доңызға айналған делінеді. Аллаһ тағала бұл жайлы: "(Оларға) айт: «Сендерге Алланың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба?» Алла біреуді қарғап оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар, тағы бұтқа табынатындар қылса, міне солар, орны жаман және тура жолдан мүлде адасқандар" дейді (әл-Маида сүресі, 60 аят).
Бұл Құранда келген қиссаны қысқаша жазып, одан алынатын тәлімін, пайсын қысқаша келтіруіміз. Аллаһ тағала бізді Құранда келген салихалы құлдарының істеріне асығуымызды нәсіп етіп халқымызды соған шақыруымызды нәсіп етсін және қарсы келушілердің істерінен жиіркеніп алыстауымызды нәсіп етіп халқымызды содан ескертуімізді нәсіп етсін. 
Жалпы қисса әл-Ағраф сүресінің 163-166 аяттарында келеді:
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан теңіз жағасында болған кенттің жағдайын сұра. Сол уақытта олар сенбі де (балық аулап) шектен шығатын еді. Сонда олардың сенбіні құттықтаған күндерінде, балықтар, оларға қаптап келіп, сенбісіз күндерде оларға келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті өздерін осылайша әуреге салдық. (163)Сол уақытта олардан бір тобы: «Алла жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?»,- деді. (Үгіттеушілер): «Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар» деді. (164) Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлымдық қылғандарды; бұзақылық істеулері себепті қатты қинауға ұшыраттық. (165) Сонда олардың тыйым салынған нәрседе шектен шыққандықтары себепті оларға: «Маймыл болып қор болыңдар» дедік.(166)