Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Блогосфера тағы бірер блогпен толықты

Блогосфера тағы бірер блогпен толықты

Блогосфера тағы бірер блогпен толықты

Блогосферадағы жас буын өкілдерінің қарқыны жаман емес. Күн санап күрт артқан блогтар саны мен блогосфера тақырыбын төңіректеген отырыстар осыған сөзімізге айқын дәлел.

Жақында командамыздың мүшесі, блогшымыз Еркебұлан Қайрахан «Алтын Орда» зияткерлік жастар клубы ұйымдастырған «Жаңа медианың мүмкіндіктері: Блогосфера» атты отырысқа басты қонақ ретінде шақырылды. 

Еркебұланға қатысушы жастар блогосфераға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қызу пікір алмасты. Блогшы ретіндегі жеке пікірімен, жинаған тәжірибесімен бөліскен Еркебұлан қатысушыларға өздерін қызықтырған сайтта қалай блог жүргізуге болатыны туралы айтып берді.


Әлбетте, блог жүргізгеннің бәрі блогшы емес. Отырыста басқа да әлеуметтік желілерді қалай қолдану керектігі жайлы сөз қозғалып, ең бастысы, "Қалай блогшы болуға болады?" деген сұраққа жауап ізделінді.

"Ақпараттық кеңістіктің саяси процестердегі рөлі үлкен. Ол - адамды тәрбиелеудің, үгіт-насихат жұмыстарының басты құралы",- деді Еркебұлан. 


Шара соңында "Алтын Орда" жастар клубының мүшелері өздеріне казжур.кз, массагет.кз желілерінен жеке блог ашып, блогосфера әлеміне бірінші қадамдарын жасап тарқасты. Іске сәт, жас блогшылар! )

Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 07 мамыр 2012, 20:55
Тегтер: блогосфера, блог, блогшы, массагеткз
Пікірлер
+0
07 мамыр 2012, 20:22

О, керемет ) Меруерт көзге жылы ұшырап тұр )) Ерке, жарайсың )

+0
07 мамыр 2012, 21:06

Мен де Меруертті таныдым. :)

+0
08 мамыр 2012, 02:49

Ерке мен Меруерт, не тыңдырып жүрсіңдер, а? ))) :D

+0
08 мамыр 2012, 12:13

Галлактикаға титтей де болса пайдамызды тигізсек деп жүрміз :D

+0
08 мамыр 2012, 09:00

Бәрі Еркебұланға қарап қапты ғой томпиып :)

+0
08 мамыр 2012, 11:19

ойдойт кутты болсын

+0
08 мамыр 2012, 11:58

Әлі ашпағандарға блог ашып көмектестік, блогосфера бірер блогпен болса да толықты. IT сауаттылықтың төмендігінен көбі агент, мир, гуглдан әрі аса алмайды. Блог туралы бірі білсе, бірі біле бермейді.Игі шара болды негізі..Бұндай шаралардың жиі болғаны дұрыс деп ойлаймын. ;)

+0
08 мамыр 2012, 11:59

құдай-құдай :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.