Алматыда ыдыс-аяқ жуатын жанат пайда болды

Алматыда ыдыс-аяқ жуатын жанат пайда болды
жеке
блог

Алматылық отбасы асүйлерінде ыдыс-аяқ жуып жатқан жанатты (енот) видеоға түсіріп алды.  Үй иелерінің реакцияларына қарағанда аң бұларға тиеселі емес. 

Желі қолданушылары жанаттың бұрынғы иелерінен қашып, пәтерге ашық терезеден кіріп кеткен болуы керек деген пікір қалдырып жатыр.

Бір қолданушылар аңның ыдыс-аяқты жуудағы шеберлігін айтып, «бұрынғы иелері ыдыс жуғыза бергеннен кейін қашып кеткен шығар», деген пікір білдірген.

Алматыда мұндай қолға үйретілген жанат сирек кездеседі. Бірақ, іздесеңіз 200-300 мың теңге көлемінде сатып алуға болады екен.  Ыдыс-аяқ жууға ерінетіндерге таптырмайтын көмекші сияқты.