жеке
блог

Эстафета - танысу күнделігі

Елеп-ескеріп эстафета ұсынған Ғазизаға рахмет. Ал кеттік..

1.    Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Мың да тоғыз жүз сексен бестің қара күзінде туылған екем. Мен туылған жылы табиғат тамаша болып тұрған деседі. Бірақ ұл туды екен деп ешкім арақ ішпепті. Себебі ол кезде жалпыхалықтық антиалкогольдік акция жүріп жатқан болатын. Мен туылғанда СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы М.С. Горбачев екен. Ал Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев болатын. КСРО мен АҚШ әкімшілігінің арасындағы қырғиқабақ соғыс әлі бәсеңси қоймаған... Деп бастасам қалай болар екен:))

         Қысқаша айтақанда: Руым – қаңлы, Туған жерім – Түрген, өзім – қазақ, мамандығым – журналист. Қазақша айтқанда, Әрі мырза, әрі құл..

 2.    Хоббиің не?

Есіме түспей тұр. «Кітап оқу» деп өтірік айтуға тура келеді енді. Бильярдқа аз-маз құмарлығым бар. Қол бос кезде саяси, тарихи, философиялық бағыттағы көркем және деректі фильмдер көрем. Ғазиза сияқты ән айтып, би билей алмаймын енді..

 3.    Қай елге саяхат жасағың келеді?

Дәл қазір Оңтүстік Кореяны ғана аңсап жүрмін. Халқының соншалық  мәдениетті болуларының сырын тапқым келеді. Үндістанға да қатты қызығушылығым бар.

 4.    Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс,жануар,жәндік,планета)?

Адам - Алланың жердегі орынбасары. Қазақ – креслоны жақсы көретін халық. Алланың орынбасары болғанға не жетсін)).

 5.    Өмірлік ұстанымын немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

"Жер бетін қара бұлт жауып, түнеріп тұрып алса да оның ар жағында жарқыраған күн бар екенін ұмытпа". "Адам бір боқ көтерген боқтың қабы". 

 6.    Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есінде ме?

Бұл енді интимный сұрақ қой. Жауап беру міндетті емес шығар. Оның үстіне, айта салайын десем ол қыздың есімін өзім де білмеймін. (Ұмытқан жоқпын, білмеймін;))

 7.    Кімді жақсы көресін (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Осы күнге дейін қайта қайта жақсы көре бергеннен жүрек қатайып, сезім әптен суып қалған сияқты. Енді ондай сезімдер келмей ме деп қорқамын. Қазір жақсы көрмеймін, тек қызығушылық оянады.

 8.    Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир) неге ол адам?

Кумирым – Саят Ыбыраев. Адамгершілігі мен білімі үшін құрметтеймін.

 9.Сүйікті спорт түрі?

Мылтық ату. Альпинизм.

10.Сүйікті кино? неге дәл осы кино?

Достоевский шығармасы бойынша түсірілген «Идиот». Өте керемет шығарманы фильмде шынайы суреттеген.

11.Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Есі дұрысырақ адам.

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Маңызды емес.

13.  Бала күніңізде кім болуды армандап едіңіз?

Ұят болса да айтайын. Актер.

Анкетаны ұсынатын адамға қосар сұрағым:

Қазақстандық әр отбасында қанша баладан болу керек деп есептейсің?

Эстафета кезегін Меруерт Сағындықова ұсынамын. Агенттес достары табылып жатса эстафета таяқшасы туралы хабардар ете саларсыздар.

 


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі