Менің бақытты күнім-2

Менің бақытты күнім-2
жеке
блог

Осыдан 3 ай бұрын, естеріңізде болса, «Менің бақытты күнім» күнделігінің жарық көргенін айтқан болатынмын. Аз уақыт ішінде барлық күнделіктер сатылып, үлкен сұранысқа ие болды. Сондай-ақ, әр сатылымнан түскен 500 теңге қайырымдылыққа бағытталды. Түскен қаржыға осы көктемде Алматыдағы Түрксіб ауданында спорт алаңы салынады.

Жарыққа шыққанына аз уақыт болса да «My Happy day Planner» күнделігі көпшіліктің көңілінен шығып, өз қолданушыларын таба білді. Күнделік авторы Әсел Зоя сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, күнделіктің жаңа топтамасының тұсауын кесті. Көктемнің алғашқы күнінде «SADU» мейрамханасында өткен тұсау кесер кешінде жаңа қаптамадағы күнделіктер таныстырылды. Жаңа күнделіктердің қаптамасы ерекше. Әр қаптамаға сай отандық дизайнерлер көйлек тікті. Болашақта көйлектер де сатылымға шығып, түскен пайда қайырымдылыққа бағытталатын болды.

Тұсау кесер кеші өте көңілді өтті. Қызықты әзілдер айтылып, ұтыс ойыны өткізілді. Жобаның серіктестері атынан небір сыйлықтар тарту етілді. Кеш соңында дәмді торт ұсынылды.

Жаңа қаптамадағы күнделіктерді «Меломан» дүкендерінен сатып алуға болады. Күнделік мотивациялық сөздерге ғана емес, пайдалы купондар мен бонустарға толы. Егер де жақындарыңызға келе жатқан мерекеге қандай сый жасасам болады деп ойланып жүрсеңіз, міндетті түрде, «My Happy day Planner» күнделігін сыйлаңыз.

Суреттер FB-тағы Әсел Зоя парақшасынан алынды