жеке
блог

7 мамыр мерекесі құтты болсын, ер жігіттер!

 

Жігіт сыны: бір жігіт бар - құр жан, бір жігіт бар - тірі жан, бір жігіт бар - жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт - кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін - бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт - сегіз қырлы, бір сырлы болар.
Шал Құлекеұлы

 

Достар, сәлем!

Бүгін - 7 мамыр. Отан қорғаушы ер азаматтарымыздың мерекесі де келіп қалыпты. 

Әлбетте, жігіттер, сүйеуіміз де, тіреуіміз де - сіздерсіздер! Сіздерге қанша базынамызды ақтарып, бітіспей уәж айтсақ та, сіздер болмасаңыздар, біз кімбіз, солай емес пе, қыздар? :)

Осы бір айтулы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге жалғанның бар жақсылығын тілейміз!

Жігіттер қауымы - айтқанынан қайтпайтын қайсар халық. Өр қауым. Ойлаған армандарыңыз жүзеге асып, мақсаттарыңыз орындалсын! Нәзік жандыларға үнемі тіреу болып, аман-есен жүре беріңіздер!

Айтпақшы, біз бүгін сіздердің жаратылыстарыңыздың кейбір жұмбақтарын біліп алдық :) Сырларыңызға бойлау арқылы сіздерге деген ыстық ықыласымыз одан әрі ашыла түсті. 

Массагеттің жігіттері, осы бір қайсар, рухты қалыптарыңнан қайтпай, азамат деген арлы атаққа лайық болып жүре беріңіздер демекпіз!



Ең қызықты блогтар

Жұлдызды блогтар