АНАМА (1-ШІ ӨЛЕҢ)

АНАМА (1-ШІ ӨЛЕҢ)
жеке
блог

Түсімде сізді көрем...

Білмедім не екенін,

Далада оранған ақ қарға.

Сіз келіп оянып кетемін,

Шашымнан иіскеп жатқанда.

 

Апатай!

Сағындым...

Өзіңді езіліп қу кеудем,

Кей кезде жастанып жанарым.

Жалықтым қызықсыз күндерден.

Білген бе ем дәл бұлай боларын,

Қасыңа тез жеткім келеді,

Сол ғана арманы балаңның.

 

Апашым, қасыңнан...

Неліктен кетті екем жырақтап,

Шешімі ақымақ басымның.

Кеудемде жауапсыз сұрақ қап,

Санамды тонайды тосын мұң.

Жыласам...

Өзіңдей кім мені жұбатпақ,

Жалғыздық – досым бұл!

 

Жылағым келеді...

"Жігіттер жыламас!", - деуші едің,

Сондықтан шығарман жасымды.

Апатай, мен сенің,

Өң емес түсімде естимін дауысыңды.

Тіршілік...

Төменге тартқылап еңсемді,

Амалым таусылды...

 

Өмір – ай, қаталсың...

Қинайсың тепкілеп өкпемнен,

Тарылды – ау тынысым.

Армандап бұл жаққа жеткенмен,

Көп болған сенделіп жүрісім.

Астана...

Сәулетің болғанмен,

Ғимарат сарайлар көк керген.

Білмедім кім үшін...

Ауылға қайтамын...

Құрысын...

25.10.2010 жыл