7 мамыр

7 мамыр
жеке
блог

Отан қорғаушылар күні мектеп кезінен бері тойлап, атап өтіп жүрген ескі мерекелердің бірі (мүмкін біздің мемлекет тек келесі жылдан бастап қана Мемлекеттік мерекелер қатарына қоспақ ойы болса да). Бала кезде қыздар күні мен ұлдар күні деп бөліп, 8-наурызға алған сыйлығымызға қарап, 7-мамыр сондай сыйлық жасаушы едік))) Біздің сыныпта әр қызға бір ұлдан келетін, содан староста болған соң ең сүйкімдісін және ақылдысын таңдап алам да, қалғандарын басқа қыздарға бөліп беретінмін. Сосын, ақша жинап, делегация құрып, сыйлық алуға баратынбыз. Қалам, әтір (әрине қытайдың), ремень, блокнот сияқты нәрселер. Эхх. бала кезде сол қылықтарымыз сондай мәнді, маңызды еді....

Сол кездерден тағы бір естелік: сол, алтыншы сыныпта оқып жүргенде Ұлан Гвардиясының жанында еді мектеп. Құрбым екеуміз мектептен қайтарда сол Гвардияның жанынан өтетінді жақсы көретінбіз. Сабақтан ерте шықсақ, дуалдың бер жағынан ұланның әдемі сарбаздарының дайындықтарына қарап тұрушы едік. Сәуір кезі ғой деймін. Барып, басымызды екі темір арасынан өткізіп ап, аузымыз ашылып қарап, таң қалатын едік. Бір күні, сабақтан ерте шығып (қашып кеттік қой деймін), сол жерге тағы бардық. Іштей ғашықпыз сарбаздарға. Бірақ, әрине тіпті бір бірімізге білдірмейміз. Содан, жігіттер мылтықтарын әрі тастап, бері тастап, әйтеуір жаттығып жатыр. Жаттығуларын тоқтап, перекурға кетті. Сосын бір сарбаз тура бізге қарап келе жатыр! Мен басымды суырып алып, кетейін десем жемпір (тоқылған ғой) іліп қалды бір сымға, құрбымның басы шығар емес асыққаннан. Әлі есіме алсам, ұялам. Бірақ күлкілі болған шығар. Анау сарбаз келіп, бізді босатты да, "қыздар, ақылды болыңдар!" деді. Қазір ол дуал тым биік және ар жағынан қаптап тастаған. Түк көрінбейді. Басым да қазір сыймас еді))))))))))))

Келе жатқан мереке ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖІГІТТЕР! Еліміздің тірегі де, үміті де, арқа сүйер азаматтары да  өздерің! Қазақ елінің қайсарлы, жігерлі, ер жүрек, батыр ұлдары азаймасын!!!