Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
жеке
блог

     Бір ғасырдай бұрын. Қазақтардың барлығы атпен шауып, көшіп-қонып жүретін жаздың бір күні. Сырдария беті дірілдеп, дауыстар шыға бастаған. Ол дыбыс тек бір ғана адамның атын айтады екен. Сырдың жағасында тұратын тұрғындар күні-түні бойы бір ай тоқтаусыз шыққан дауысты былай жорамалдаған.

     «Бұл алыстан келе жатқан адам ғой. Оны шықырып жатқанына көп болғанына қарағанда» -  деген екен бір абыз қария. Осылайша сол дыбыс шығып жатқан дария бойына күнде тұрғындар күзетке тұрады екен. Оның себебі келе жатқан адамды тірі алып қалу.

     Бір күні түс ауа бұрқыратып бір жігіт атпен шауып келе жатыр екен. Артындағы шаң таудай болып, алыстан көрінеді.

     Бұл не де болса, су сүлеймені шақырып жатқан адам ғой. Суға жібермей ұстап қалыңдар» - деп әмір берген екен ауыл басшысы. Күзеттегі адамдардың барлығы жиналып, әрең тоқтатып:

  – Балам қайда бара жатсың?- деген сұраққа.

  – Өзеннің арғы жағында керемет той болып жатыр. Мені шақырып жатыр. Соған баруым керек, - деп жұлқынады. Жігітті жіберсе суға қойып қалатынын. Егер суға түссе қайта шықпайтынын түсінген қария жігітті талдырып тастатып, аяғын тіліп жіберіп, суға қанын ағызыпты. Сол сәттен кейін әлгі шақырған дыбыс лезде басылыпты.

     Бала 2 күн бойы ұйықтапты. Есін жиғаннан кейін, мән жайды түсіндіріп, қай жақтың азаматы екенін сұрап, еліне хабар жібермекші болады. Бірақ, ағайындары біртіндеп сол елге келеді. Себебі, жігіт еліне жөнін айтпастан, атқа мініп шауып кеткеннен кейін ағайын-туысы аттылысы атпен, аты жоғы жаяу  артынан шыққан екен.

     Бауырлары аман қалғанына қуанған ел 1 аптадай Сырдария бойына той жасапты.

     Осы аңыз бойынша жігіт аман қалса да, қазіргі кезде жаздың 2 айында Сырдария бойында міндетті түрде бірнеше адам суға кетіп тұрады.

     Ол аңыз болса да, Сыр бойындағы шындық!