Өмір туралы бір үзік әңгіме

Өмір туралы бір үзік әңгіме
жеке
блог

   Өмір... Өмір - сағаттардан, сырғыған күндерден, жылжыған жылдардан құралған, көкжиек секілді шеті - шегі көрінбейтін уақыттың еншісіндегі жұмбаққа толы сырлардың жиынтығы. Осы жиынтықты біреу сүйсе, біреуі жиынтықтың жұмбақтарын шеше алмай, қиналып жүреді, жалпы " бес саусақ бірдей емес" деп бабаларымыз тауып айтқан.

Иә, көп жылды артқа тастамасам да, балалық шақтан, бойжеткен шақтан бір-бірден болса да түйгендерім бар. Ақ пен қара қалай қатар жүрсе, жақсылық пен жамандықтың, қайғы мен қуаныштың да айырылмас дос екендігіне толық көзім жетті. Қуандым, жыладым, сүріндім, қайта тұрдым,Мұқағали ақын айтпақшы, әркімнің - ақ жығылса қайта тұрып жүгіруге хақысы бар. Сол себептен де, мен өмірді сүйемін!

Ғажап дүние,

Ғажаптығыңа тәнтімін.

Ғажапқа еніп кеңейді өріс бақытым.

Ғажабыңменен тамсандыр дәйім сен мені,

Ғажаптығыңның сыйлашы маған сарқытын.

Әлемің асқақ, апаршы мені жетектеп,

Асқақтығыңды  бүкіл адамзат көрер ме еді?!

Тұңғиығыңа сүңгіп - ақ кеткім келеді,

Сұрама себеп, сендегінің бәрі керемет...

 

Жақан Анар