Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Жаужүрек бір бала, жүрегінде мың бала"

"Жаужүрек бір бала, жүрегінде мың бала"

Мына суретті бір сәт тоқтап тұрған кезінде түсіріп алдық:))

Әйтпесе бір орнында көп тұрмайды, ұшып-қонып жүреді.

1. Алдыңғы күні барған кездегі алғаш алған әсерлер.

2-мамыр күні Болатбек екеуміз алып-ұшып көптен күткен "Жаужүрек мың бала"-ның жабық көрсетіліміне бардық. Ол күні бүкіл зиялы қауым "Арман" кинотеатрының алдындағы қызыл кілемнен жүріп өтті. "Біз прессаданбыз"-деп, қызыл кілемге қарап тұрған камералардың қасына тұрып алдық. Сондай кезде тезірек басталмайтыны жаман ғой. Біраздан соң барлығы келіп, басталды. Қызыл кілем қысқа ма, жоқ олар тез жүре ме, әйтеуір көз ілеспей өтіп кетіп жатты. Маған бір ұнамағаны, "хит.тв" телеарнасының тілшілері жолдың ортасына тұрып алып, бәрін тоқтатып бірнәрсе сұрап жатты. Оларға кедергі келтіріп тұрғандай болды. "Сәл шетке шығып тұрса, бәріне ыңғайлы болар еді"-деп ойлап тұрдым. Содан соң ішке кірдік. Онда ауа жоқ, адамдар көп. Бірден 2-ші қабатқа көтерілетін баспалдаққа шығып, кештің жалғасын сол жерде тұрып тамашаладық. Ең бастысы, сүйікті актерлерімнің қимылдарын, сөйлеген сөздерін жақыннан бақылау болды. Мысалы, солардың ішінде актер ретінде қатты ұнайтыны - Берік Айтжанов. Ол кинода - Әбілхайыр ханның рөлінде ойнады.

Киноны көруге рұқсат етілген кезде, бүкіл есіктің алды адамдардың кептілісіне айналды. Шақыру билеттері барлардың өзі тығылысып, тырмысып кіріп жатты. Әсіресе әртістердің кептелістен кіре алмай жатқандары жаман көрінеді екен. Біз Болатбек екеуміз не кірерімізді, не кірмесімізді білмей тұрдық. "Ертең билет алып, адам сияқты келіп кірген дұрыс еді"-деп ойлап тұрғанымызбен, көрмей кетіп қала алмадық. "Біз прессаданбыз"-деп біркезде ішіне де ендік-ау. Бірінші қатардың шеткі екі орыны бізге арналғандай болып бос тұр екен. Сонымен, сол киноға еңбегі сіңген жандар мен "қазақтың қаймағы" саналатын бүкіл тұлғалары отырған жерден орын бізге де табылып, жанымыз жай тапты. Кино басталғаннан бәрі сілтідей тынды. Мен алғашқы көріністен-ақ ішегімді тартып, аузымды қолыммен басып отырдым. Әрбір қазақ өлген сайын, жүрегім ауырып, іштей діріл қақтым. Қазақтарды қорлаған Жоңғарлардың жойылып кеткені қандай жақсы болған. Олардың түрлері мен көптігін "құжынаған қара қоңызға" ұқсатып отырдым. Сондай сүйкімсіз, тілдері де дөрекі екен. Ал біздің қазақтар қарапайым әрі жүдеу болғанымен, сол кездің өзінде-ақ қыздары әдемі, жігіттері сымбатты екеніне іштей қуандым. Патриоттық сезімім оянып, өзімнің қазақ болып туылғаныма шүкірлік еттім.

Асылхан Төлепов - Сартай батырдың рөлінде ойнаған жаужүрек жігіт.

2. "Жаужүрек бір бала, жүрегінде мың бала"

Осылай айтқым келген себебі, басты рөлде ойнаған бір баланың бойында мың баланың күші, жігері, рухы бардай. Кинода ойнаған рөлін ойдағыдай алып шыққан. Көзінен ұшқан от көңілдерге сенім ұялатады. "Жаужүрек мың баланы" орысшаға аударғанда бір сөзбен "Отважный"-деп аударыпты. Яғни, бір ғана адамды меңзеп тұр. Бірақ кино барысында байқасаңыз, бәрі де жаужүрек. Әрқайсысы да жүрек жұтқан батыл, қайтпас-қайсар екендері көрініп тұрады. Бәрінен басым көңіл бөлінген кейіпкерлердің атын атап өтейін, олар: Сартай, Таймас, Қорлан. Сәлден соң Сәбит, сосын Ілияс қосылады. Бұлар жас екендеріне қарамай, ешкімге білдірмей, Жоңғарларды жайлап, жандарын шығарып қырып, өздерінің кектерін алып жүреді. Кейіннен Асан мен Үсен деген жігіттер қосылады. Жетеуі біраз жерге жетеді. Сартай мен Зеренің махаббатына соншалықты көп мән берілмеген. Бірақ қан-соғыс болып жатқандықтан, оған көп уақыттың жоқ екені де түсінікті. Екеуі әйтеуір үлкен шабуылға аттанар алдында үйленіп, бір күн, бір түн бірге болуға үлгереді. Сартай сол күні ұрпағын қалдырып кетеді. Әкесінің атын өшірмесін деп, баланың атын "Сартай" қоятыны белгілі болды. 

Осы киноны көргендердің бәрі байқағанындай, маған да табиғаттың тамаша көріністері өте ұнады. Әсіресе үлкен экраннан әдемі көрінеді. Сол картиналардан өзіңе эстетикалық ләззат аласың.

3. Кеше кешке қайтадан барып, қайталап көруімнің себебі.

Себебі, бір көргенге тоймай қалдым. Қалт жіберген жерлер болса, соны анықтап көру. Мүмкін біреулерге "еріккендік" болып көрінетін шығар, (шығар да емес, "дәл солай!"деуі де мүмкін) ал маған бәрібір. Өз-өзімді көндіре алмадым, қайта бармауға. Сонымен кешегінің айырмашылығы, орыс тіліне аудармасымен болды. Тағы бір менің байқағаным, бір көріністі алып тастаған. Ол қандай көрініс?-деген сұраққа жауап: Бөрібай батырдан Сартайдың қару таңдап алып жатқан кезі. Сол кезде Сартайдың таңдауына Бөрібай батырдың басын шайқап айтқан сөзі: "Өте жақсы таңдау!"- осы сәтті кеше көрсетпеді. Содан соң орысша аударма қазақшасына жағаласып тұрғаны онша ұнамады. Таза қазақ тіліндегі нұсқасы әсерлі әрі кейбір сөздерді айту мәнері күлкіңді келтіреді. Ал орысша аудармада оны байқай алмай қаласың. Алғашқы күні жылағым келіп отырды, ал кеше күлкіден езуім жиылмады. Бұл жерде киноның ешбір кінәсі жоқ, жай жанымда күлдіргі Ботик отырды. Ол Массагеттегі Мейіргүлге тиісіп, ойнағанды жақсы көреді. Оны қыстырып отырған Мейіргүл жоқ, ал мен сөздерін естіп алып күле берем. Сосын өзім де тыныш отырмай, байқаған нәрсемнің бәрін оның құлағына сыбырлаумен болдым. Оның бірінші күнгі сөздерін теріске шығарып, соны оған дәлелдеп отырдым. Ол әйтпесе оңайлықпен мойындамайды. Кешегі барған бір себебім де сол болды. Өзімнің ойымды растау немесе теріске шығару. Сонымен миссия орындалды. Ойымды қорытындыладым. Бәріңізге өз көздеріңізбен көруге кеңес берем, ешкімнің сөзіне құлақ аспаңыздар. "Көруге тұратын кино"- деп, сенімді түрде айта аламын.

18
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 04 мамыр 2012, 16:00
Тегтер: Кино, кинотеатр "Арман", "Жаужүрек мың бала", Назерке, Массагет.кз.

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.