АРАМЫЗ АЛЫСТАП БАРАДЫ...

АРАМЫЗ АЛЫСТАП БАРАДЫ...
жеке
блог

Арамыз алыстап барады,

Кінәлі шақырым, қашықтық.

Таусылып сезімнің амалы,

Белгісіз күндерге асықтық.

 

Мен сені сүйген ем шынайы,

Сен мені сүймейсің, сеземін.

Кеше гөр, сезімнің Құдайы,

Өртеніп барады өзегім.

 

Қия алмай өзіңді өзгеге,

Сия алмай кетем бе жалғанға?

Осылай сүріндік біз неге?

Қол созым қалғанда арманға.

 

Тәңірдің жазуы шығар – бұл,

Амал жоқ ететін қарсы оған.

Жүрегім еңіреп жылап жүр,

Әлі де ғашық қой ол саған.

 

Кеудеме кел дағы тұрақта,

Ханшасы жүректің ары нұр.

Өтінем, Сен маған кінә артпа,

Мен Сені сүйемін бәрі бір!

30.07.2011 жыл