АРМАН-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БЕЙНЕСІ!

АРМАН-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ БЕЙНЕСІ!
жеке
блог

Мына өмірде жүрегіңде,                                                                                                  

Бойында ыстық қан барда,                                                                                              

Болмысты да,болмасты да                                                                                              

Болады деп арманда!

                                                    М.Мақатев

Арман-адамды алға жетелейтін,орасан күш-қуат пен ерік жігер сыйлайтын құдіретті ұғым.Кез-келген адамзат баласы армандай алады.Оған ештеңе де ешкім де шектеу немесе кедергі келтіре алмасы анық.Адам өзінің өмірін жандандырып,бақытқа кенелту үшін армандай білу шарт,және де тек армандап қана қоймай арман жолында алдына мақсаттар қойып,арманға қызмет ету керек.Сонымен қатар арманға жету үшін кез-келген жағдайға дайын болу қажет. Адам арманға жетер  сан қилы, ойлы-қырлы жолдарда  көптеген қиындықтар мен келеңсіздіктерге ұшырауы мүмкін.Сол сәттерде еңсені еңкейтпей  дер кезінде шешім қабылдап,қайта күш-қайрат жинап,қиындықтан жол тауып шыға білу керек.Және де сол қиындықтардан сабақ ала отырып,жаңа жоспарлар құрып,жаңа серпінмен іске кірісу қажет.Болашақтың жарқын болуы арманның орындалуымен тығыз байланысты.Арманы асқақ адамның өмірге деген көзқарасы,құлшынысы өзгеше.Ол әр күнін арман жолында кішігірім болса да бір қадам алға жылжуға жұмсары сөзсіз.Олардың өмірлері жақсылықтарға толы болары ақиқат.

Арман жолы адамның рухани құндылықтары мен адамгершілік қасиеттерін қажет етеді.Ол үшін жан-дүниені баға жетпес байлық- рухани азықтармен қоректендіру керек.Шыдамдылық,сенімділік,қайсарлық,шыншылдық,мейірімділік сынды ұлы қасиеттер арманды жүзеге асырудағы қажеттілердің тек санаулысы ғана.Бұлардан өзге де тұлғалық қасиеттерді бойымызға топтастыра білу-үлкен жетістік.

Арман қанатында қалықтау үшін қолдан келгенді аянып қалмау тағы бар.Армандардың орындалатына сену керек.Тек сеніп қана қоймай талмай еңбек ету де керек.Сонда ғана  армандар орындалып,көздеген мақсатқа жететініміз анық! Ең бастысы-арманға деген сенім және жігер!

Түйін:Арман-алға жетелейтін сәулелі жарық жұлдыз,адам адал еңбек етіп,қиындыққа мойымай,қажырлық танытқанда ғана өз мұратына жетеді,яғни көздеген арманы жүзеге асады.Әйтпесе,арман бос қиялға айналып,келешектің қамы болмай,ақиқат өмірден алыс,тек ойлап қана ұғатын адам санасындағы әлемге айналады.Армансыз адам-қанатсыз құс!Сондықтан да армандаңыздар!Армандар орындалады!