Сондай адамдарды “Mұғалім” деп атайды-ау...

                                 Сондай адамдарды “Mұғалім” деп атайды-ау...
жеке
блог

Соңғы кездері өмірде түрлі өзгерістер орын алып бара жатқанын аңғару қиын емес. Адамдардың бойында түрлі жағымсыз қасиеттер етек алып бара жатқанын байқауға болады. Бірі бұған адамдардың өзін кінәласа, енді бірі бар кінәні заманға артып қоя береді... Көкейімде жүрген сауалға жауап алуға қанша талпынсам да, қанша тырмыссам да әттең бұл сауалдың жауабы маған жұмбақ боп қала бермек. Бұл мақаланы жазуға түрткі болған мәселе мынадай: Біз жақын досымызды мектепшілік президенттікке үміткер етіп берген болатынбыз, тілге шорқақ болғанмен ұйымдастыру жағынан қабілеті жоғары оқушылар санатында еді. Оған қарсылас ретінде гимназиямыздың бір нәзік жандысы өз үміткерлігін ұсынған болатын. Шынымен де жеткен жетістігі аз емес, дейтұрғанмен оның басты кемшілігі – өркөкіректік. Өзінен бір жас кіші сіңлілерін мен бауырларын адам құрлы көрмесе басқалармен қалай тілдеседі? Белгіленген күн сайлау да өтті. Бірақ сайлаудың нәтижесі нақ сол күні емес, 4 күн өткеннен кейін елуде елу деген сөздерді естіп, мектебіміздің тәрбие жөніндегі орынбасарына бұл сауалмен барғанда “Иә, сайлау нәтижесі 50/50 көрсетіп тұр, соған орай пікір-талас өткіземіз” деп салды. Осыған көңіліміз толмағандықтан мектеп директорына тура тарттық, жағдайды естіген директор бізге барынша көмек көрсетем деген болатын. Тәуелсіз комиссия құрып, дауысты өздерің санаңдар деп қолқа салды. (Ескерте кетерлігі, сайлау қорытындысын мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары және оның жақын құрбысы(мектеп психологі)санаған болатын.) Таңертең мектепке бара салысымен бірінші сабақтан кейін директорға жол тарттық. Бұл жиынға әрине директордың тәрбие жөніндегі орынбасары дайындалып келгені көрініп-ақ тұрды. Сөз былай басталды “Сендер неге алып қашпа әңгімелерге сенесіңдер? 50/50 деп кім сендерге айтты?” деп салды. “Мен президенттікке үміткер 2 баланы шақырып тілдескен болатынмын, жаңа ғана нәтижесін айттым” деді.“Сендердің достарың жеңіске жетті, ал енді екінші кезең пікір талас өткіземіз” деп салды. Бағана 50/50 болғанын айтып, енді сендердің достарың жеңіске жетті дегені, онымен қоса екінші кезең ұйымдастырылатыны біз үшін оғаш естілді.(себебі бұрын соңды ешқандай пікір-таластар, әсіресе президенттікке сайлау кезінде ұйымдастаралмаған-ды)Бір қарасаң жоғары білімі бар, интеллегент мұғалім сияқтанады, дегенмен де боламын деген баланың барынша аяғынан шалғаны бізге әлбетте аса ұнаған жоқ .Ал президенттікке үміткер қыз пікір талас ойынында бірнеше рет қатысқандықтан ненің қалай екенін біледі. Барынша қарсылық танытуға тырыстық, дегенмен де үлкен адамға ересек адамның сөзі балаға қарағанда нанымдырақ естілді ме соны мен түсінбей-ақ қойдым. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасарының айтқан сөздерін естігенде сол ұстаздан тым көңілім қалды, сондай адамдарды мұғалім деп атайды-ау... Қорыта келе айтқым келгені бұл өмірді әділдік ешқашан болған жоқ деп ұйғардым, ең бастысын өздеріңізден сұрағым келіп тұр, “Заман өзгеріп бара жатыр ма, әлде адам өзгеруде ме?” сіздер қалай ойлайсыздар, қадірменді ағайын???