Дарын Шөкеновтың «Іргеңде жүрген ібіліс немесе «арыстанның» тепкісіне ұшыраған арлан» мақаласы не жайында еді?

Дарын Шөкеновтың «Іргеңде жүрген ібіліс немесе «арыстанның» тепкісіне ұшыраған арлан» мақаласы не жайында еді?
жеке
блог

 

Бұл мақала кеше осы сайтқа салынып, артынша алынып тасталды. Сайт әкімшілігі жастардың көзқарасымен санаспайтынымен емес, керісінше таудай дау туғызып, іріткі салу ісіне қарсы екенін бірден аңғартты. Жазба соңындағы пікірімде автордан мақаланы жеке адресіме жіберуін өтінген болатынмын. poet.sd@mail.ru поштасынан келген « жат элементті» оқуға асықтым. Содан не керек, автор жазбасында бірнеше ойды айтқысы келгендігін түсінгендей болдым. Өз деңгейінде көркем тілмен қойдай жуас қазақтың тәуелсіздік алғанын жазыпты. Бірақ тіл мәселесінің әлі де шешілмей келе жатқанына көңілі толмайтынын жеткізген екен.

 

Тіл деп атойлаған бірер қазақтың бірегейі – Мұхтар Шахановтың қайраткерлігін сөз қылған. «мемлекеттік тілді қолдау» акциясы дұрыс өтпей жүргенін, дәл сол күні қала күні тойланатынына қарсы ойын айтыпты. Меніңше, цензураға ілігерліктей ештеме бола қоймады. Әрмен қарай кеттік... «Қазақстандық ұлт» мәселесі кезінде де, кейінде де талқыға салынып жүр. Біреу бұрыс дейді, біреу дұрыс дейді. Пікір деген алмағайып заманның бірде шік, бірде бүк түскен асығы ғой, мұнда да сөкеттік жоқ деп шештім. Кезекте Мұхтар ақынның бір өлеңі беріліпті: Атақты «ТЖ-лар» өлеңі. Бәрі біледі. (Көркемдігінен емес, ойы арқылы шығар). Сосынғысы «анау өзбекті, анау түрікменді қараңдаршы, қандай күшті» деген мағына. Тіл туралы айтқаны. Кекетіп отырғам жоқ, жалпыға бірдей түсінікті болсын деген ниет.

Сосын... байлықтың үстінде отырып, бақадай шуладық... жағдай жүдеу... деген мәселені барлығымыз білеміз. Әрмен кеттік. Ең ауыр жері– бір партияны сайлау алдында талаптарға сай келмейтіндігінен алып тастаған кісілерді «ібіліс», «қорқау қасқырларлар» деп ащы тілмен орағытуы болса керек. Маркстің мағынасы көп даналық сөздерінің бірі мақаланы қорытындылапты. Бұл да сай әкімшілігінің көзқарасына қарсы келген екен. Кім біледі, мен болсам да солай ойлайтын ба едім. Жалпы, өз пікірім бойынша бұл – қатардағы мақала.

 

Автор барынша қызыл тілмен жазуға тырысыпты. Талабыңа нұр жаусын. Тек ашумен емес, ақылмен айту орынды сияқты. Мақалада айтылған дүниені көкірегі ояу, көзі ашықтар біледі, тіпті артығымен біледі. Тақырыбыңды жақсы қойыпсың. Бірақ ол да нақты емес, бір қарағанда арыстандар мен арландар тебісіп жүр ме деп ойлап қалуымыз мүмкін. М. Мағауин айтыпты дейді ғой: «Атың шықсын десең мені сына» деп. Ақын Мұхтарды мақтағанда да оның адамгершілік, ұлттық дүниелерін негізге алып мақтайтындардың марафоны межеге жетіп қойған. Ендігісі тек ғылыми негізде дәлелдеулер қалды. Ақылгөйсініп кеттім-ау деймін. «Өз ойым өзімдікі» деп құтыла салайыншы... Сау...