Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бөлінгенді бөрі жей ме?

Бөлінгенді бөрі жей ме?

Бөлінгенді бөрі жей ме?

Қазақ осы — дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы — «Өнер алды — тіл» дейтін.
Қазақ осы — қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы — көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы — алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы — ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

Қадыр ағаның осы бір кереметтей жыр шумақтарын естіген сәтте кеудемді қуаныш сезімі кернеп, қазақ болып туылғаныма мақтанып сала беретінім бар. Әй бір рахаттана отырып тыңдаймын-ау! Дегенмен, осыбіздің қазекеңнің бір тірлікеріне қарным ашады. Соның бірі  қазақтың ежелден бергі сүйегіне сіңген  әдеті – жүзге бөліну. Қайда бара қалсаңда руға, жүзге бөлініп, кейде тіпті қырықпышақ болып отыратын қазақтарды көресің. Көресің де іштей қынжыласың...

«Шт», «Қт», «АН-2», «Дт»,  «Ту» деген теңеу қосып бөлініп алған жаңа қазақтарға айтарыңыз бар ма?

Дүние мен мансап үшін кез-келген жүздің адамы бола беретіндерді ұшырастырғанда айтарға сөз таба алмай қаласың.  Жүзге бөлінушілік анау-мынау емес, ұлт зиялыларының арасында, одан қала берді жастардың ішінде де белең ала бастады.

Тәуелсіздікке қолымыз жеткенде рушылдық пен жүзге бөлінудің ушығуы дарынды тұлғаларымыздың саяси аренаға шығуына кедергі болатынын жасыра алмаймыз. Керісінше беделсіз, білім деңгейі төмен, шала сауатты пақыр дүбәралардың тек руына байланысты лауазымға ие болып жатқандығы сізді алаңдатпайды ма?  Данагөй Төле би бабамыз : «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» қағидасын өмірінің бар мақсатына айналдырғанын білеміз. Қазақ тағы да «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді. Сонымен қоса «Бөлінгенді бөрі жейді» сияқты ұлағатты мазмұндағы мақал-мәтелдер дәл бүгінгі Қазақ өміріне қаратып айтылғандай көрінеді.

Бір ағамыз өз сөзінде: «Егер қазақ халқын гауһар тасқа теңесек, «жүз» деген - гауһар тасқа түскен құрт. Түптің-түбінде бұл гауһар тасты жарып шығып, быт-шыт қылады» деген екен.

Бәлкім баз біреулер үшін бұл дабыл қағуға тұрарлық мәселе емес те шығар. Әйтсе де, түймедейден түйедей шығады демекші, мұның түбі бетін қайтара алмас дауға айналып кетпесіне кім кепілдік бере алады?

 

 


 

 

 

2250 20
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 03 мамыр 2012, 12:19
Тегтер: жүзге бөліну
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 14:20

Шын айтсам, мен де қолдамаймын. Жүз тұрмақ, дінге, ұлтқа бөлінгенді құп көрмеймін. Кеше Мой Мирде біреу жазыпты: "Христиандар мен иудейлерді мерекелерімен құттықтамаңдар, жалпы мұсылман еместерге мейрамымен құттықтап, ұлық білдірмеңдер" деген сияқты. Недеген топастық? Адам құттықтай қалса болды басқа дінге өтіп кете ме? Бұдан-ақ адамды араңдатушылық пен дін арқылы халық арасына іріткі салып отыр. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға мол болса екен еліміз.

+0
03 мамыр 2012, 14:40

Келісемін...

+0
03 мамыр 2012, 14:58

руға, жүзге бөліну керек. "бөліну" сөзін кім қалай түсінетініне байланысты.

+0
03 мамыр 2012, 15:00

негізінде айтады, о баста руға бөліну қан тазалығын сақтау мақсатында пайда болған деп, бірақ қазіргі бөлінудің мақсаты тіптен бұрмаланып кеткендей...

+0
03 мамыр 2012, 15:06

Бөлінгенді бөрі жейді, бірігіңдер, бірігіңдер!

+0
03 мамыр 2012, 18:37

бөлінбекте бүлінбек бар

+0
03 мамыр 2012, 15:13

Бірлік барда тірлік бар деп қойсаңызшы! :D

+0
03 мамыр 2012, 23:40

дұрыс айтасың қарындасым

+0
03 мамыр 2012, 15:23

О БАСТАН БӨЛІНУ БАР.ҚЫЗ ЖІГІТ БОП ДЕГЕНДЕ,түбі тереңде бұл бөліну сөзінің.Құдай бекер бөлмеген деп ойлаймын..Қазекемдердің чересчур кететін әдеті болмаса,ауыл,қала,район,түс деп кететін.Проста қазақтар дұрыс қбылдаса болғаны бұл сөзді,яғни грамотно!

+0
03 мамыр 2012, 15:53

Руыңды білген жақсы ғой. Бірақ,бөлінушілік жақсылыққа апармайды. Қаракесектер орта жүз Арғында да бар.

+0
04 мамыр 2012, 15:30

"грамотно" болмай тұр ғой сол!

+0
03 мамыр 2012, 17:41

Негізі бөлінбеген дүрыс қой. Адамның күні адаммен. Тек бұ қазекеңдер қанға сіңген әдетін қоя алса

+0
03 мамыр 2012, 20:32

Осы ой көптен бері мазалап жүрген. Абай атамыз айтпақшы "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп". Тегіне, ұлтына,дініне,жынысына, түріне, әлеуметтік жағдайына қарай бөлінбейікші.

+0
04 мамыр 2012, 15:29

Аурау қалса да әдет қалмайды дегеніңіз бе?

+0
03 мамыр 2012, 21:07

Кереметтей жазылған жазба! Тарих беттерін ақтарсаңыз Жоңғар шапқыншылығы кезінде неге қазақтар жоңғарлардан жеңілді деп ойлайсыздар, себебі Ұлы мәртебелі Болат хан өмірден өткен соң Орта жүз бен Кіші жүздің хандары таққа таласқандықтан болды емес пе? Сондықтан да атам қазақ “бірлік болмай, тірлік болмас” деген-ді...

+0
04 мамыр 2012, 15:32

ээээээээээх, қалың елім, қазағым, қайран жұртым! :cry:

+0
04 мамыр 2012, 11:00

БӨЛІНЕМІЗ!

+0
04 мамыр 2012, 15:31

Қайдағыны айтпаңызшы! :?

+0
04 мамыр 2012, 15:34

Егер қазақ халқын гауһар тасқа теңесек, «жүз» деген - гауһар тасқа түскен құрт. Түптің-түбінде бұл гауһар тасты жарып шығып, быт-шыт қылады!" - деген сөзде білгенге терең мән бар!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев