Есімдер жайлы (эстафета емес)

Есімдер жайлы (эстафета емес)
жеке
блог

Айсұлтанның Нағима есімді құнажыны туралы жазған жазбасын есіме түсірсем, ішегім түйілгенше күлемін. Менің де Бота есімді аппақ лағым болған. Қара шаңырақ атамның үйінде Коля, Майка, Марта деген бұзаулар болатын. Көршілердің Маша, Сандра атты иттері, Маруся, Катюха, Борис деген мысықтары болған. Негізі, үй жануарларына адам есімін беру сәні әлі де бар екен.

Құрбымның әпке-жездесінде бір айлық төбет күшік бар. Өзі сондай сүйкімді. Атын естігенде орындықтан құлап қала жаздадым. Барлығы ақылдаса отырып, күшікке "Балтабай" деп ат беріпті. Неге деп сұрасам, "жай, бір кісінің құрметіне" деп жауап берді.

Тағы бір таныстарым үйінде кірпі ұстайды. Өздері орыстар. Ал кірпінің аты Әлімжан. Еркелетіп Әлеке деп атайды екен.

Адам баласына Дағдарыс, Америка, Азиада, Саммит деп ат беріп жатқан мына заманда, жан-жануарға адам атын беру бір қалыпты жағдай болған-ау, шамасы.