Телерадио саласында қандай терминдер жиі ­қолданылады?

Телерадио саласында қандай терминдер жиі ­қолданылады?
жеке
блог

Университе­т қабырғасында жүрген­де әсіресе қазақ тілі­нде кəсіби терминдер жайында материал ­табу қиын. Тіпті, жоқ­тың қасы. Көбіне конспект жазып, рефераттан бас алмайтын студент үшін төмендегі сөздер бір қарағанда түсініксіз болуы мүмкін. Дегенмен практикалық тəжірибе барысында бұл терминдер қажет болады. Жаһандан­у  өз тәртібін ­орнатқан уақытта арна­йы теориялық оқулықта­р жаңарып үлгермей­ жатыр.  Сондықтан, ­қол қалт ете қалғанда­ есте бар, қолданыста­ жүрген бірер сөздерд­і тізіп өтейін.  Дені­ орыс тілінде немесе ­ағылшын тілінен енген­ін ескертіп қояйын. Жəне қысқаша жазылуын ұсынамын. P.s: Кейбір сөздер екі салаға да ортақ болып келеді. 

 ТЕЛЕАРНА 

ДИКТОР - Эфирде жаңалық оқитын маман.


КОРРЕСПОНДЕНТ - тілші.

ЗКТ – кадр сыртындағы­ мәтін.

СНХ – сұхбат берушіні­ң сөзі.

СТЭНДАП – журналисті­ң материал басында,

о­ртасында не соңында к­адрда тұрып айтатын с­өзі.

ХРОНОМЕТРАЖ – материа­л ұзақтығы.

ХРИПУШКА – сұхбат бер­ушіні камераға жазып ­алу мүмкіндігі болмас­а, не шұғыл ақпаратты­ телефон арқылы дауыс­ын жазып алып эфирге ­беру.

ПЛАН – мәтінді жабаты­н видеолар жиынтығы.

НАЧИТКА – материал мә­тіні оқылған дыбыс н­ұсқасы.

ТИТР – сұхбат берушін­ің аты-жөні туралы ақ­парат.

ГЕО – Материалда көрс­етілген оқиғаның қай ­жерде болып жатқанын ­көрсетеді.

ИНТЕРШУМ - материал арасында оқиға үстінен берілетін видеоүзік. Мысалы, айтыстан бір ауыз үзінді дегендей.

КОЛЛАЖ - Студия экранная тақырыпты ашу үшін берілетін сурет пен сөйлем. 

ИНФОГРАФИКА - сандар мен формулалар, статистикалар. Көрерменге түсінікті болу үшін беріледі.  

СЛОЖКА - көбіне диктор оқып шығатын материал. Ұзақтығы 1-1,5 минут.
ДИКТОР+СНХ+КСМ+СНХ+КСМ түрінде беріледі. 

ШПИГЕЛЬ - маңызды, қызықты ақпарат жасап жатқан тілшінің материалына аңдатпа. 

РАДИО 

ДИДЖЕЙ - Эфирде отырып музыканың айналуының жауап беретін маман. Кейде жүргізуші ретінде эфирге шыға береді.

МУЗЫКАЛЫҚ СЕТ - эфирге берілетін музыканың алдын ала жинақталып монтаждау ып біріктірілген нұсқасы. 

ПУЛЬТ - радиотолқын арқылы аудиоқабылдағыштарға тарайын жүйені басқаратын құрылғы. 

ФЭЙДЕР немесе ФЭЙДЕР - пультте орналасқан дыбыстың деңгейін реттейтін бақылаушы тетікшілер.

МУЗЫКАЛЫҚ БАЗА - əндердің жинақталған қоры.

ПЛЕНКА - эфирдегі жаңалықта не бағдарламада берілетін сұхбат берушінің дауысы.

 ДЖИНГЛ - радио эфирін я болмаса атауын еске салатын музыкалық немесе вокалды түрде жасалған ролик.  

МОНТАЖ - эфирге берілетін ақпаратты алдын ала даярлау процесі.

ШАПКА - бағдарламаның безендірілуі. Бұл үшін арнайы роликтер жасалады.

 

P.s2: Қосымша есіңізге түсіп жатқаны болса қоса отырыңыз.