Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ән салшы, мың бала-ай

Ән салшы, мың бала-ай

Ән салшы, мың бала-ай

(алдыңғы абзац біраз пікірталас туғызып, өз миссиясын орындады, енді алып тасталды - Б.М.)

Фильм керемет! Киноны ұнатып жатқан көпшілікке қарсы ой айтып, не жыным бар?! Әдетте көп сын айтылатын тұстарда бұл жолы ақау жоқ: массовка да бай, картина да бай, актерлік шеберлік те, басты рольдегі өнер иелері қандай сүйкімді! Экшн, драма.

«Көшпенділерден» картинасының барлық жағынан қанықтығымен ерекшеленетін бұл фильм адамға (көрерменге) эмоциялық-экспрессиялық әсер етуге келгенде сәл «жеңіледі». Өз басым «Көшпенділерден» соң (өз уақытындағы артық дүние еді) көзіме жас алғанмын. Бойды еріксіз Ел мен Жерге деген махаббат билеген еді. Ал бұл фильмде соғыс, жаугершілік, шартпа-шұрт шайқас ойыңды таза қырғын төбелес техникасына қарай бұрып жіберетіндей. «Көшпенділерде» «Балапан қаз» әні жау талқандап тастаған елдің ақ жаулықтыларының шерге толы үнін естіртеді емес пе?! Ал «Мың балада» халық әндерінің инструменталды нұсқаларының жиынтығы ғана бар, әдемі, орынды қолданылған, дегенмен «Елім-айдың» үзіндісінен басқа ән естілмейді, маған жетіспегені де сол. Бір қосылып айтып, жылап жіберейін десем, болмады. "Мың баланың" жарнамасы да күшті болды енді...

Көпшілік айтып жатқан бір ақиқат: «Мың баладағы» актерлер сайдың тасындай сүйкімді, тәп-тәтті жастар және сонысымен «іші-бауырыңа» кіреді. Қолды-аяққа тұрмай, алып-ұшып, толқып жүрген Асылхан Төлеповтің көзінде от бар! Таймастың роліндегі Аян Төлепберген де сымбатты. Кинодағы еркекшора Қорлан – Құралай Анарбекова өмірде секси екен. Бәрі құрсын, кинодағы шеберліктері қандай!?! Өмірде де, кинода да жанып тұр. Тфа, тфа. Алда әлі талай шедеврлерге түсіп, шыңдала түседі деген тілегіміз бар, сәттілік тілеймін!

Айтпақшы, Зере туралы. Қашан да батырға қатын кесел болған. Жаугершіліктің тыншыған мезгілін күтпей, ғашықтықтан қателік жасаған Зереге жыным келді. Қасымдағы Назеркеге айтамын: «Ана актриса залда бар ма, көрсетші, барып шашын талдап жұлайын, махаббатшыл шіріктің» деп. «И вообще он тебя не любит!» деп те айтқым келді.))))) Абырой болып, актриса залда болмады. Сөйтсем, бұл да олардың шеберліктерінің дәлелі ғой.

Кинода шұбырып, жауға аттанған мың бала қашан көзіме көрінер екен отырдым. Ақыры көрінбеді. Ол аздай, жаңағы бес-алты дос бірінен соң бірі қыршынынан қиылып қалады. Бірақ олардың намысы өлмейді. (Солай жұбатасың өзіңді). Дегенмен Ақан Сатаев сатаевша және елге ұнайтын дүние жасап шығарды. Мен ол кісіге мықты денсаулық пен табыс тілеймін!

Енді ана жолы Дінмұхаммед айтып кетті ғой, «егер жоба авторларының көздеген мақсаты күрделі, адам тағдырының ой-шұңқырына көз жүгіртетін, кейіпкердің өмірі мен сол кезеңдегі ірі тарихи оқиғалалардың өріліп, тұтасуын суреттейтін детальді фильм емес, жалпыға бірдей бағытталған, даралықтан гөрі имиджге баса мән беретін, шабыс-шайқасы, махаббаты, ұлттық ерекшелігі бар экшн дүние жасау болса, онда ол мақсат орындалды дей беріңіз» деп.

Бұдан артық не қосуға болады?!

(Сурет пен Дінмұхаммедтің пікірі http://mynbala.kinostan.kz/-тен алынды)

3023 89
Рейтинг: +7

Жазылған уақыты: 03 мамыр 2012, 10:22
Тегтер: мың бала, көшпенділер, қазақ киносы, тарихи экшн
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 11:49

Ой, жарайсыздар! мынадай рецензиядан кейін киноны, міндетті түрде, барып көріп қайту керек қой

+0
03 мамыр 2012, 11:50

опппаааа ) мынауың керемет екен, фильмнен мін таппапсың ) көргенше асықпын )

+0
03 мамыр 2012, 14:13

ана жазған сындарым саған ойыншық па :evil:

+0
03 мамыр 2012, 11:56

Маған бәрібір осы атауы ұнады. "Жаужүрек - мың бала"-деген звучит! Сенің "Мың жаужүрек бала"-дегенің сапасына емес, санына мән беріп тұрғандай. Сен сияқты мен де қателерді байқағышпын. Басты рөлде ойнаған баланың аты-жөні қате жазылып кетіпті. Оның аты - Асылхан Төлепов. Содан соң "Кинода шұбырып, жауға аттанған мың бала қашан көзіме көрінер екен отырдым."-деген сөйлемде "деп" қалып кетіпті. Мен де соны күтіп отырдым. Бәрі аяғына дейін тірі болса екен деп тіледім. Сартай мен Таймастың жанындағылар соңына жетпей өліп қалғанда, жаным удай ашыды. :(( Бірақ бәрібір өте жақсы әсер алдым.

+0
03 мамыр 2012, 11:59

Ааа айтпақшы, айтуды ұмытып кетіппін ғой, басты рөлде ойнаған Асылхан - сенің жерлес інің. Ақтөбеден екен.:) Бүгін інімнен сұрап алдым.

+0
03 мамыр 2012, 12:03

ааа басе ақтөбеліктер талантты да сексуальный красавчиктер болады шетінен. фамилиясына қарап, шалқар жақтан екенін шамалап та отырмын)))))) :P

+0
03 мамыр 2012, 12:03

әлде ойылдан ба))))

+0
03 мамыр 2012, 12:05

айтпақшы бүгін қайтадан көрмекпін киноны

+0
03 мамыр 2012, 12:09

Меніңше, "Жаужүрек мың бала" дұрыс секілді. "Мың жаужүрек бала" деген атау орыстардың "Миллион алых розындай" тікелей ретпен кететіндей. Осы фильмнің дүбірі мықты болды айтқандай.

+0
03 мамыр 2012, 12:10

менің айтып тұрғаным, дұрысы - мың бала)))

+0
03 мамыр 2012, 12:13

сонда фильмге аз адам түскен бе?

+0
03 мамыр 2012, 13:08

бұл қазақтың жаңа киноларының ішіндегі ең көп актер қатысатыны

+0
03 мамыр 2012, 12:13

Басты кейіпкерлер соңында өліп қала ма?Мен ондай конецке шыдай алмаймын. :cry: Одан да көрмей-ақ қояйын.

+0
03 мамыр 2012, 13:50

өлгенін байқамайсың бірақ

+0
03 мамыр 2012, 12:16

Маған да Жаужүрек мың бала деген дұрыс секілді. Көрікті он қала дейміз ғой, он көрікті қала демей. Атауына мін тағу себепсіз секілді.
Фильмді әлі де көрмедім. Күтіп жүрмін бір сәті болар деп. Тағы бір тәтті рецензия үшін рахмет.

+0
03 мамыр 2012, 13:09

аа иә негізі дұрыс)

+0
03 мамыр 2012, 12:48

ортасындағы жаужүрек емес, бір ренжіп қалған баладай екен. өттік күндері шығып қарау керек екен, егер біздің жаққа жетіп жатса

+0
03 мамыр 2012, 14:19

Ой, Нұржан көке, тауып айттыңыз ғой. Жаужүрек деген соң, қасқиып қарап тұрмай ма, иә?

+0
03 мамыр 2012, 18:21

киноны кормей сойлемеңдер, бұл сурет жаужүректікті көрсететін жер емес еді

+0
03 мамыр 2012, 19:46

не болд соншама ауызды жауып ). көрерміз әлі кійноңді. Пока сол сүгіреттен басқа ештеңе көрмегесін айтқаным ғо.

+0
04 мамыр 2012, 00:36

малчатъ! :twisted: :evil: :twisted: :evil: :twisted: :twisted: :evil:

+0
03 мамыр 2012, 13:04

дәл сіздің мақтағаныңыздай болса, керемет кино сияқты. Көру керек! Пікірді сосын айтармын!

+0
03 мамыр 2012, 13:10

мен актерден басқаларды мақтамадым) көшпенділер бәрібір ыстық)

+0
03 мамыр 2012, 13:08

Дұрысы: "Жаужүрек мың бала".

+0
03 мамыр 2012, 13:30

Cонда нақты бұл фильмнің мағынасы не туралы?

+0
03 мамыр 2012, 13:33

сонда былай ғой: менің елімнің маңдайына мәңгі жасау жазған! деген идея

+0
03 мамыр 2012, 13:36

базар жоқ!қай кинотеатрдан көресің.Бірге көрейік

+0
03 мамыр 2012, 13:50

жур, Арманға!

+0
03 мамыр 2012, 13:56

БАЙҚАУЫМША ЖҰМЫСТАРЫҢ АБАЙ МЕН ДОСТЫҚҚА ЖАҚЫН ҒОЙ ДЕЙМІН.Кездесуде сол жақта болған сияқты

+0
03 мамыр 2012, 14:11

мхм

+0
03 мамыр 2012, 13:41

Осы қатты жарнамаланатын фильмдерден қорқамын ше...

+0
03 мамыр 2012, 13:48

ҚАНДАЙ МАҒЫНАДА

+0
03 мамыр 2012, 13:50

сенің қорыққаныңнан үркемін ші

+0
03 мамыр 2012, 13:51

ойлағанымда йат сияқтысың ғой :lol:

+0
03 мамыр 2012, 13:57

бізбен бірге барасың ба ;) өтеее қызық болады

+0
03 мамыр 2012, 13:58

Қой, екеуіңе мешайт жасамайын ))

+0
03 мамыр 2012, 14:17

әдемі қыз мешайт болмайды,Ботик сексуальный боп,мына жақтан мен секси боп келсем көрген жұрттар пххххк или гхй деп қалар

+0
03 мамыр 2012, 14:36

:lol:

+0
03 мамыр 2012, 15:48

Самат, мен сексуальный емеспін, сондайларды бағалаушымын, көре білушімін

+0
03 мамыр 2012, 16:48

бағалаушыларды ким дейді

+0
03 мамыр 2012, 18:22

ценитель или оценщик или дегустатор смотря кімді бағалау ғой

+0
03 мамыр 2012, 16:00

Самаи демекші, экранның ар жағында ұл емес, қыз отыр-ау деймін осы ) Әжетханаға қамалып қалғаны туралы әңгімесінде өзінің қыз бала екенін айтып еді, виртуалды әлемнің әлегі осы ғой ) Бір мезет! Жынысыңыз бірден ауысып кетіпті :D

+0
03 мамыр 2012, 16:08

Ұшқын, какая разница)

+0
03 мамыр 2012, 16:45

Вот именно какя разница? Неге бас ауыртасын?

+0
03 мамыр 2012, 18:13

маған қызық жәй ғана адамдардың фэйк-аккаунттарын ашқан :D :D

+0
03 мамыр 2012, 18:23

ой кто бы говорил Шәке

+0
04 мамыр 2012, 07:30

Саған 2 сұрақ!1.Жәй ғана адамдарға кімді жатқызып тұрсын? Болмаса кімді подразумеваешь? 2.Фэйк-аккаунттар деген не?

+0
03 мамыр 2012, 16:45

Қой айналайын! Туалет жайлы Қарындасымның хикаясы деп жазылды ғой!!!!! Атын айтпай ақ қояйын :?

+0
03 мамыр 2012, 17:05

Айтпасаңыз да білетін сияқтымыз, кім екенін.:)

+0
03 мамыр 2012, 17:09

уверенсин бе? Ұят болды...... Көрсе ренжиді :oops:

+0
03 мамыр 2012, 17:24

Қарындасыңыз - Рабиға Оңалбай (Рабик Партик) емес пе? Не үшін ренжиді?

+0
03 мамыр 2012, 17:28

:x :P Мен ол туралы жазғанын білмейді,ал жазуға көмектескен баска қарындасым! Бопты.... не болса да сол болсын!

+0
04 мамыр 2012, 10:22

түй, маған қызық просто адамдардың фэйк-аккаунттарын ашқан деген сөз ғой ) қазақ десе )) Фэйк-аккаунттың не екенін гуглдан біліп алыңыз

+0
04 мамыр 2012, 10:47

Ал жарайды! Сонда мен сол аккаунтты аша алмайм ба не? Ол тіпті сондай қиын ба? Вошм че ты хочешь?

+0
04 мамыр 2012, 10:50

:D :D :D қойш тіпті ) не бәле )))))

+0
04 мамыр 2012, 10:53

Сама же докапываешься! :evil: не бәле? саған! :twisted:

+0
04 мамыр 2012, 11:09

Не болды? Ер жігіт сөйтіп ұрысыса ма? Бір қалжыңдасайын десең... Бір ауыз сөзді көтере алмай быт-шыт болдың

+0
04 мамыр 2012, 11:16

Қалжындайтын адамды тандау керек! Потом,мені қыз дедін бе? Аккаунт ашатын адам ерекше жан болу керек пе? Олардын барін қалжынға емес, еркек намысқа тиу деп санадым! ангімең болса мына жаққа емес өзіме жазшы kab_kab85@mail.ru .

+0
03 мамыр 2012, 15:59

ЭЭ не боларын кейін көреміз десең иә!!

+0
04 мамыр 2012, 10:56

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
03 мамыр 2012, 14:21

Қостанайдың кинотеатрларында көрсетпейді екен((( Енді қашаааан телевизордан береді деп күтіп отыратын болдым :x

+0
03 мамыр 2012, 15:16

ИНТЕРНЕТ БАР ҒОЙ

+0
03 мамыр 2012, 16:13

Мұндай киноларды үлкен экраннан көрген әсерлі ғой

+0
03 мамыр 2012, 15:11

Жоқ жерден мін табу әдетім емес... Мың жаужүрек баладан гөрі жаужүрек мың бала тіркеісінің айтылуы әдемі естілетін секілді, әрі жаужүрек сөзі де бұл жерде сын есім қызметін атқарып тұрған жоқ па? Содан соң Құралай Анарбекова берген сипатыңыз бір түрлі естіледі екен... :roll:

+0
03 мамыр 2012, 15:48

ааа

+0
03 мамыр 2012, 16:51

ЕСКЕРТУ! КИНОНЫҢ АТАУЫНДАҒЫ ТІРКЕС ДҰРЫС! МЕНІКІ ҚАТЕ)

+0
03 мамыр 2012, 17:16

бүін барып көру керек екен

+0
03 мамыр 2012, 17:27

Еркебұлан, біз бүгін тағы барамыз, бізбен бірге жүр!

+0
03 мамыр 2012, 17:37

Мені де ала кетіңдерші киноға. :?

+0
03 мамыр 2012, 17:38

келшиш АРманға)

+0
03 мамыр 2012, 17:49

Бізде де бір Арман бар. Бірақ Мың баланы көру одан да арман болып тұр ғой. Неге көрсетпейді екен, бесит уже :evil:

+0
03 мамыр 2012, 17:41

Қостанайдан алып кету қиындау болады. Сондықтан сол жақта болатын киноны көңіліңе медеу тұта тұрған дұрыс.:))

+0
03 мамыр 2012, 17:44

Ойй, "алдағы МузАрттың концертін"- дегім келген.:)

+0
03 мамыр 2012, 17:48

Билет қалтада "Музарт" қайда барады деп отырмын ғой))) Біздегі болаты кинолар кілең орысша. Ал мен орысша түсінбеймін десең :mrgreen:

+0
03 мамыр 2012, 18:05

Бір көргенді қайта-қайта көре бересіңдер ме? Әлде бүгін басқа версиясы ма? :mrgreen:

+0
03 мамыр 2012, 18:11

Кеше тоймай қалдық, бүгін тағы бір рет көріп көңілімізді көншітейік деп отырмыз:) Кеше ылғи зиялы қауыммен отырып көрдік, енді бүгін өзіміз болып отырып тағы тамашалайық деп шештік.

+0
04 мамыр 2012, 10:13

Маған сол бір көрудің өзі арман болып отыр ғой(((((

+0
03 мамыр 2012, 17:21

осы күйнөда ше, қыздар тек ұрпақ жалғастыру үшін ғана керек деген ой түйіп қоюға да болады)

+0
03 мамыр 2012, 17:40

кейін айтып бересіңдер ғо не болғанын

+0
03 мамыр 2012, 18:23

козлик, жур киноға

+0
03 мамыр 2012, 18:25

киноға билет бар ма екен :roll: сендерде нешінші қатар )

+0
03 мамыр 2012, 18:27

бізде 11 қатар. ең ең ең супервип орындар: 12-13-14

+0
03 мамыр 2012, 20:45

Көру керек екен. Афишаны қарасам, басталып кетіпті ғой. Үлгермеймін бүгін.

+0
03 мамыр 2012, 23:45

Біткен іске сыншы көп.

+0
04 мамыр 2012, 10:03

че там, қалай екен кино?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев