Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ғаламтор саудасы: eBay аукционында тіркелу

Ғаламтор саудасы: eBay аукционында тіркелу

Ғаламтор саудасы: eBay аукционында тіркелу

 eBay аукционында тіркелу

Бүгінгі жазбада ғаламтордағы ең үлкен онлайн-аукцион eBay-да тіркелуді үйренеміз. Санап көрсем, бұл аукционның 38 елде сайттары бар екен. Әр сайт өзінше жеке аукцион болып саналады. Бірақ бұлардың әрқайсысында тіркеліп жатудың қажеті жоқ, бірінде тіркелсеңіз болғаны. Сосын сол логин мен құпия сөзіңізді пайдаланып eBay-лардың кез-келгеніне кіре бересіз, иесі бір ғой. Ресейлік аукционына кіріп, орысша тіркелуіңізге де болады. Бірақ мен «көзім үйрене берсін» деп, бірден eBay-лардың ең ірісі – американдық eBay.com сайты арқылы кіруді ұйғардым.

Тіркелуді бастау үшін сайттың жоғарғы жағындағы register сілтемесін шертеміз.

eBay - Тіркелу сілтемесі

Ашылған бетте өзіміз жайлы мәліметтерді толтырамыз. Әрине, бәрі латын әріптерімен жазылу керек.

eBay - Тіркелу №1

First name: атыңыз

Last name: тегіңіз

Есіміңіз бен тегіңізді тұра төлем картасындағыдай немесе шетелдік паспортағыдай жазу керек.

Street address: мекен-жайыңыз

Алдымен көшені, сосын барып үй мен пәтерді жазыңыз. Шетелдегі мекен-жайды жазудың кері тәртін қолданбаңыз, өйткені өзіміздің поштада кейде мұндай адрестерді қате оқып, жіберілімді жеткізе алмай жатады екен. Әсіресе жұмысқа жаңа тұрып, тәжірибе жинай қоймаған курьерлер жиі шатасатын көрінеді.

City: қала

State/province/Region: мұнда KZ деп жазыңыз.

Postal code: пошта индексіңіз (білмесеңіз Қазпочта сайтынан анықтан алуыңызға болады)

Country or region: Kazakhstan-ды таңдайсыз.

Email address: электронды поштаңыз.

Мұнда тек eBay мен PayPal-ға арналып, басқа еш жерде қолданылмайтын жәшігіңізді көрсеткен абзал.

Re-enter email address: поштаңызды қайталап жазасыз.

Email-ды көшіріп сала алмайсыз, қолмен теруге тура келеді.

Phone number: телефон нөміріңіз

Халықаралық форматта, 7-ден бастап жазасыз. Үйдің емес, ұялы телефонның нөмірін көрсетсеңіз де болады.

eBay - Тіркелу №2

Create your eBay user ID: мұнда өзіңізге логин ойлап табуыңыз керек.

Логинді атыңыз немесе email-ға ұқсамайтындай етіп жасаңыз.

Create your password: құпия сөз.

Үлкен-кіші әріптер мен сандарды араластырып, кемінде 6-8 таңбалы құпия сөзді орнатыңыз. Сайт құпия сөзіңіздің сенімділігіне «әлсіз, орташа, берік» деп баға беріп тұрады.

Re-enter your password: құпия сөзді қайталау

Select your secret question: құпия сауал таңдау

Provide your secret answer: құпия сауалдың жауабын белгілеу.

Бұл құпия сөз немесе логиніңізді (user ID) ұмытып қалсаңыз оларды қалпына келтіруге керек болады.

Date of birth: туған күніңіз

Тіркеу сауалнамасының барлық жолдарын толтырып, мұқият тексеріп алған соң Submit батырмасын басып, мәліметтерді сайтқа жібереміз. Бәрі дұрыс болса, сайттың мынандай беті ашылады.

eBay - Тіркелудің соңғы қадамы

Бұл тіркелгенде көрсеткен электронды поштамызға хат жіберілді деген сөз. Хат 15 минут ішінде түседі. Менікі екі минутқа жетер-жетпес уақытта келіп жетті. Егер хатыңыз келмеген болса We can resend the email деген сілтемені шертіп, хатты қайта жібертуге болады. Ал егер ол да келмесе, Need to change your email address сілтемесі арқылы поштаны өзгертуге болады.

eBay - Тіркелуді мақұлдау хаты

Енді хаттағы Confirm батырмасын басып, тіркелуімізді мақұлдаймыз. Мақұлдаудың екінші жолы хаттағы ұзын сілтеме арқылы сайтқа кіріп, өздері жіберген кодты енгізу.

Мынау секілді беттің ашылғаны тіркелу аяқталғандығын көрсетеді.

eBay - Тіркелудің аяқталуы

Міне, ілездің арасында eBay аукционынан өзімізге аккаунт ашып алдық. Енді ауккаунтымызды көріп шығуға болады. Әрі тағы бір маңызды істі тындыруымыз керек. Бұл айтып отырғаным eBay мен PayPal аккаунтарымызды байланыстыру.

Беттің жоғарғы оң жағындағы My eBay сілемесіндегі мәзірден Summary дегенді таңдаймыз.

eBay - Аккаунтты тексеру

Сонда мына бет ашылады. Бұл біздің «жеке кабинетіміз», оны кейінірек зерттеп үйренерміз. Бір нәрсені естеріңізге сала кетейін. Поштаңызға PayPal мен eBay-дың хаттарынан аумайтын өтірік хаттар келуі мүмкін, абай болыңыздар. Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері деген жазбамда бұл туралы айтқан болатынмын. Поштаңызға күдікті хат келе қалған жағдайда оны ашпастан spoof@ebay.com деген арнайы адреске жіберіңіз. Ал eBay-дің жіберген хаттары ең әуелі аккаунтыңыздың ішкі поштасына түседі, олады Messages-ден оқи аласыз.

eBay - Summary

Енді Account-ты басып, мына бетке кіреміз. Мұндағы бізге керегі PayPal Account.

eBay - Account

Сілтемені шертіп, ашылған беттен мына батырманы іздейміз.

eBay - PayPal аккаунтымызды жалғау

Батырманы басқанда браузерде жаңа бет ашылады. Оның ұзақ ашылатындығына дайын болыңыз. Менде бұл бет шамамен 7 минутта әрең жүктелді.

eBay мен PayPal аккаунтты байланыстыру

Мұнда PayPal-дағы поштаңыз бен құпия сөзді енгізіп, Link Your Account батырмасын басу арқылы аукцион мен төлем жүйесіндегі аккаутарыңызды байланыстырасыз. Бір-біріне дұрыс жалғанса мына бет ашылады.

eBay - Аккаунтқа оралу

Return to eBay батырмасын басып, аукционға қайта ораламыз.

Сонымен бүгін eBay.com-да аккаунт ашып, оны PayPal-дағы аккаунтымызбен байланыстырдық. Келесі жазбам халқаралық пошта мен курьерлік қызметтерге арналмақ. Бірақ оны тез жариялай қоям деп уәде бере алмаймын, жұмыстан қол тимейін деп тұр.

Жалғасы: Халықаралық пошта мен курьерлік қызметтер

Алдыңғысы: PayPal жүйесінде тіркелу

1735 3
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 04 мамыр 2012, 13:51
Тегтер: Ғаламтор, eBay, аукцион, аккаунт, email, құпия сөз, PayPal
Пікірлер
+0
04 мамыр 2012, 15:01

дұрыс болды!!

+0
05 мамыр 2012, 03:06

бұны да түсіндім, рахмет.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев