Астанада "Әміре Парижде" атты Жарқын Шәкәрімнің кітабының тұсаукесері болды

Астанада "Әміре Парижде" атты Жарқын Шәкәрімнің   кітабының тұсаукесері болды
жеке
блог

Әміре Қашаубаев   

Астана қаласында іргетасын қалаған ҚР ұлттық академиялық кітапханасында 1 ақпан күні атақты музыкатанушы Жарқын Шәкәрімнің  Еуропа халқын қазақтың дархан даласындай, кең дауысымен тамсандырған бұлбұл әнші Әміре Қашаубайұлына арнаған кітабының таныстырылымы болды.

Әлемге аты шулы ЭКСПО-1925 Парижде  өткізілген еді. Қазірде ғаламның жеті кереметінің біріне айналған  ғашықтар қаласының символы Эйфель мұнарасы да  "ЭКСПО" көрмесінің жемісі. 1925 жылы халықаралық көрмеде өткізілген ән байқауында күміс медальді еншілеп, қазағымыздың  даңқын асқақтатып, көкке көтерген  Әміре  Қашаубайұлының тамаша дауысына Парижге жиылған жұрт таң қалып,  ұлы итальяндық танымал опера әншісі, тенор дауысының иесі Энрике Карузоға теңеген. Тіпті, Нобель сыйлығының иегері француз жазушысы, музыка зерттеушісі  Ромен Роланның өзі  де бұлбұл дауысына сүйсінген.  Әнші 1934 жылы белгісіз себептерге байланысты  қаза тапты. Содан бері, Әміре есімі  90 жыл бойы ұмыт болды.

    Белгілі күйші, музыка зерттеушісі, аталмыш туындының авторы Жарқын Шәкәрім Әміре өмірі мен шығармашылығын зерттеуге өз ғұмырының 40 жылын арнаған. Қазірде автор  ҚР  тұғырлы тәуелсіздігінің  25 жылдығы, әншінің 130-жылдығы мен   "ЭКСПО-2017"  халықаралық көрменің өткізілуіне орай, Әміре Қашаубайұлы жайлы  тарихи-биографиялық очеркті  жарыққа шығарып отыр.Әміре Қашаубаев

    Аталмыш тұсаукесер рәсіміне мемлекетіміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Парламентінің депутаты Бекболат Тілеуханов, ұлт қалаулылары Сұлтан Оразалин, Мырзатай Жолдасбеков, Айгүл Кемелбай, Серікзат Дүйсенғазин қатысты.

Автор

тұсаукесерде

1975 жылы Жарқын Шәкәрім ағамыз Мәскеу қаласындағы архивте сақталған, 1925 жылы Парижде  фонографқа жазылған Әміренің орындауындағы "Жалғыз арша", "Үш дос", "Ағаш аяқ", "Дударай", "Бесқарағай" әндері  бар күйтабақты тауып елімізге әкеледі. Бұл қазақ елін төбесін көкке жеткізген үлкен қуаныш болатын. Тоқсан  жыл бойы ұмыт қалған Әміре атамыздай жезтаңдай әншінің дауысын есту бір ғанибетке толы, шексіз бақыт сезімін сыйлайтын күш болды. Автор туындысының соңғы бетінде күйтабақтағы  әндер СD дискіге көшіріліп жазылған. Бағалы күйтабақтағы әндердің сапасы нашар болса да, Әміре атамыздың тамсандырар дауысы ешкімді де бей-жай қалдыра қоймасы сөзсіз!  Ал кешегі тарихи күні Жарқын ағамыз бізді тағы да таң қалдырды. Ол кеш соңында Серке Қожамқұлов, Әлкей Марғұлан, Сапарғали Бегалин, Жүсіпбек Елебеков, Әнуарбек Байжанбаевтардың Әміре туралы ой-пікірлері бар күйтабақты  ҚР ұлттық академиялық кітапханасына сыйға тартты.