Жұмыссыздық індеті

Жұмыссыздық індеті
жеке
блог

Жұртшылық үшін жауыр болған жұмыссыздық індетінің белең алуы кез келген саналы азаматты толғандыратындығы айқын. Осыған дейін статистикалық мәлеметтерге сүйене отырып бұқараға ұсынылған ақпараттар аса алаңдатушылық  тудырмады. Бәлки,қарапайымдылығынан ажырамаған халық жуастығына салып өз бетімен күн көруді әдетке айналдырғаннан болар. Ақ тер, көк терге түсіп алған дипломның үйдің бұрышында жай ғана қағаз рөлін атқарып жатқандығы да даулы мәселелер қатарында. Жолы болмаған жолаушыдай жер жаһаннан жұмыс іздеген адам алдымен ғаламтордың көмегіне жүгінеді.

Бүгін де, ВК, Facebook, Google әлеуметтік-ақпараттық желілерінде тіркелген "Работа в Алматы", "Ищу работу", "Работа KZ" парақшаларында түрлі саладағы жұмыскерлерді қажетсінетін жарнамалар көп. Елең еткізетіндігі қайсыбір жарнаманы алып қарамасақ та, жұмыскердің жасы 20-35 жас аралығында болуы қажет. Тағы бір талап Алматы қаласының тіркеуі болуы керек. Қарапайым үй күтушісі, "Magnum", "Рамстор", "Skif trade"  т.б. сауда орталықтарында сатушы, менеджерлер де осы талаптарға сай болғаны жөн. Сонда, қазіргі қоғамға қырықтың қырқасына жеткен қайратты азаматтар қажет емес пе? Ауылдың адуынды адамдары Алматыда тұрмайтындығына айыпты ма?

Жеке кәсіптің арбасын дөңгелетіп жүрген азаматтар осы мәселеге дұрыс көзбен қарап, жасының үлкендігіне қарамастан отбасын асыраймын деуші жігерлі жандарды жұмыспен қамтамасыз етсе нұр үстіне нұр болатын еді...