Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жалғасұлы жайлы жаңа жазба...

Жалғасұлы жайлы жаңа жазба...

Жалғасұлы жайлы жаңа жазба...

Біссіміллә!

"Массагетке" келдік, орналастық, өзгелердің өзекті де өрнекті жазбаларына көз жүгірттік. Енді өзіміз жайлы өзгелерге таныстырмақ ниетте бірдеңелер жазайық. Ал кеттік)))

Аты-жөнім Сағындық (Каспий Меруертінің інісімін) Баубек (Баубек Бұлқышевтің құрметіне) Жалғасұлы

Туған жерім – Атырау – мұнайшылар қаласы, Ақтау – тұрағым,екі қалам тірегім, Киелі Манғыстау – менің жүрегім*.

1995 жылы мамырдың 11 жұлдызында Жайықтың жағасы, алып шаһар Атыраудың орталық перзентханасында дүниеге келдім.

Руым-Адай, оның ішінде Жеменей (енді Ақылбек Жеменейдің інісімін)

Қазір Маңғыстау Қазақ-түрік лицейінде білім алып жатырмын (сондықтан екі тілге(қазақ,ағылшын) қоса түрік тілін нан тауып жей алатындай дәрежеде білем).

Әншейінде тыным таппайтын қызыл тілім орыс тілі десе оратылып қалады(өмірімде орыспен орысша сөйлеспеппін).

Қазақ тілінің саласында жүргеніме 17 жыл болды.

Амал не, ақындықтың аулынан алыс адамбыз бірақ жарықтық жазушылықтың жайлауына жақын жанбыз.

Бірақ анда-санда өңделмеген өлеңдер өріліп кететіні бар.

Каспий теңізін өте жақсы көрем бірақ құм да таңсық емес. Себебі Сам құмында аунап өскенмін.

Болашақ журнализмнің жүгін көтерер 3-биліктің өкілімін.

Ән, би, сурет дегендерге жоқпын.

Автокөліктен жалығатын, электроникаға табынатын жанмын.

Корей дорамаларының табынушысымын,түрік сериялдарын мүлдем қарамаймын.(Арнайы "Массагет" үшін)

Өзім күліп жүретін адаммын яғни өмірге күліп қараймын сондықтан күліп жүретін адамдарды жақсы көрем.

Қазақ әдебиетінде қос қанатым-қос Мұхтар.Прозада-Мұхтар Әуезов, поэзияда-Мұхтар Шаханов.

Соңғы кезі Қалқаман Сариннің жүрекжарды жаһұт жыр жолдары жаныма жақын болып жүр.

Міне мен жайлы бар болғаны осы)))

 

ПыСы: * әрине бұл менің сөзім емес. Жаңаөзендік Жақаудың жыр жолдарынан.

 

 

 

1853 14
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 30 сәуір 2012, 20:01
Пікірлер
+0
30 сәуір 2012, 20:54

:lol: Менде бірдеңе жаза алады екенмін))))

+0
30 сәуір 2012, 20:56

жай ғана емес, жақсы жазасыз!

+0
30 сәуір 2012, 20:59

Жалғасұлы, жазбаң жақсы-ақ. Журналистік жолыңда жетістікке жет. Жағымды жаңалықтарыңды жазып, жалпақ жамағатты жайнатып, жасандыр ) Жазбаң жүректен-жүрекке жетсін! )

+0
30 сәуір 2012, 21:15

Сен секілді қалам ұстаған колдар көбейсін!Ризамын ;)

+0
30 сәуір 2012, 21:30

Қарға тамырлы қазақтың келешек керегесін кеңейтер сарбазының бірі өзің деп сенемін. Сөз саптауың әдемі. Жазушылық шабытыңа шабыт қосылсын! Оралхан ағаң сияқты сен де қара сөзбен жырлайды деп сенемін!

+0
30 сәуір 2012, 21:38

Рахмет )) Баршаңызға Алланың нұры жаусын))) Қасық қанымыз қалғанша халық үшін еңбек етеміз! Қара сиямыз таусылғанша халық үшін жазамыз!

+0
30 сәуір 2012, 21:48

Тіл білімің таза екен, жерлесім боласын екен ғой))))))) Алла жар болсын!

+0
01 мамыр 2012, 00:02

О, жерлес! ;)

+0
01 мамыр 2012, 01:12

Жақсы жазба! М.Әуезов айтқандай: "Сен өзі пәлі бала екенсің...".

+0
01 мамыр 2012, 02:04

Біссіміллә! Көңілдеріңнен шығып жатқаныма рахмет))

+0
27 маусым 2012, 00:54

ОООООООООО! Сам құмы.... таныс. естуім бар...

+0
06 шілде 2012, 02:19

күшті жазыпсын!! Мен де Жақауды тыңдайм))

+0
06 шілде 2012, 04:13

Жақсы жазыпсың, інішек. Қаламың ұштала берсін. Ортақ нәрселер көп екен

+0
06 шілде 2012, 07:29

Жасын кіші болғанмен сөздерің жаксы екен,інішек..."Жасы кіші демеңдер,ақылы асса аға ғой"деген сөзге лайық-ақ бала екенсін.Алдыңнан жарылқасын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...