♥ Сарқылмас сезім романдарда ғана емес...

♥ Сарқылмас сезім романдарда ғана емес...
жеке
блог

Біз армандаған сарқылмас сезім, өшпес махаббат тек кітаптар мен фильмдерде емес қой, ә? Дәлелдейікші. Сенейікші! Себепкері өзіміз болайықшы. Осыған барымызды салайықшы. 

♥ ♥ ♥

Сонша сарылудың қажеті қанша? Тағдыр айдап бір күні қылады. Тек тілеу керек.

♥ ♥ ♥

Ақынды сүйсең өлеңін емес, өзін сүй. Ақын деп емес, адам деп сүй.

♥ ♥ ♥

Арнасына сыймай тасып тұрған сезімге бір сәтте тоқтау қоюға бола ма?! Баланы да ғайыптан ойға оралтқанда, бәріне көнеді... Барлығы әдейі ұйымдастырылған қойылым болсыншы.

♥ ♥ ♥

Миымда сенің жоспарыңнан тыс жолдарға ерте барғанымды кеш...

♥ ♥ ♥

Ұлыдан ұлы туа қоймайды. Бәрібір туған ұл да тегін адам болмайды. 

 ♥ ♥ ♥

Адам ішсе де, отбасынан айырылса да, өзге тілде сөйлесе де түбінде бір себеп жатады. Тереңіне үңіле білген көз ғана көре алады.

♥ ♥ ♥

Тәлкегіңе төзеді. Тілеуін берші... Жүрек... сезеді... Көргісі келмейді. Көрсе қуанады. Бәрібір бәрі бұлыңғыр...

♥ ♥ ♥

Жақыныңды жатқа жәутеңдетіп қойғанша, жаның жайсызданса да, жаныңда болғаны жақсы. Көңіліміз кең болсыншы тек. Осындайда тарлық танытпайтын "тағдыр" тарту ете көр!

♥ ♥ ♥

Адамға сынай қарау... Дәл осы болмасын деп еді. Қаталдық... Онсыз қалай? Өбектеу... Барлығы орнымен. Көзбен түсінісейік...

♥ ♥ ♥

Тым тату, тым бауырмал, тым тәрбиелі ұрпақ нәсіп ет!

♥ ♥ ♥

Қандай жағдай болса да адамдығыңнан қол үзгің келмейді. Бірақ атыңа кір келтіретін болмашы әрекеттерді орындауға мәжбүр болатын күн туады. Сондай жайға жеткізе көрме...

♥ ♥ ♥

Сіз не ойлап отырсыз?