Крутой нөмірлердің бағасы қанша???

Крутой нөмірлердің бағасы қанша???
жеке
блог

"Бүгінгі күні крутой нөмірлер екі категорияға бөлінеді: ерекше және жоғары сұранысқа ие мемнөмірлер деп. Осы екі категория бойынша олардың бағасы мың жарым доллар мен екі жарым мың доллар аралығында белгіленген. Аталған норма қазірде үкімет қарауында жатқан "Жол қозғалысы туралы" заң жобасына енгізіліпті.

Ерекше мемнөмірлер қатарына мыналар жатады: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009.

Жоғары сұранысқа ие мемнөмірлер: 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, сонымен қатар 111, 222, 333, 444, 555, 666, 777, 888, 999. Барлығы 27 номер.

Оларды сатудан түскен қаржы бюджетке қосылады, деп мәлімдеген жол полициясы комитетіндегілер.