Ninety One

Ninety One
жеке
блог

Салем! Бүгін мен Ninety One туралы айтқым келеді. Иә,мен олардың өлеңдерін сүйіп тыңдаймын,өздерінде жақсы көремін. Осыдан 2 ай бұрын мен Ninety One кімдер екенін білген жоқ болатынмын. Сабақта отырған кезде бәрінің ауыздарынан осы топ шықпайтын, біреулері жақтайтын, келесі біреулері жамандайтын. Содан меніңде қызығушылығым туып, Youtube - желісіне кіріп, Ninety One деп жазған кезде, бірден АЙЫПТАМА деген клиптері шықты, содан не керек, көре бастадым. Шынымды айтсам ұнамады, түрлерін көріп бірден өшіріп тастадым. Бір күні бөлмемде отырып, қызық times бағдарламасын көріп отырған кезім болатын, сол топ қайттан шықты, аяғына дейн көрдім. Сол бағдарламадан кейін пікірім бірден өзгерді. Қасымда бірге тұратын қызға сол топ туралы айта бастадым, ең қызығы ол қызда Ninety One - ды жақсы көреді екен. Ол маған бірден олардың клиптерін,өлеңдерін тыңдата бастады. Маған ең ұнаған ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫН? деген өлеңдері. Содан кейін Space-тарын көріп, олардың қандай қарапайым қазақ жігіттері екенін түсіндім. Шынымды айтсам, сол Space - тарын осымен 10 рет көрген шығармын =D Өздері де, өлеңдері де қатты ұнап қалды, әсіресе, іштерінде Ace (Азамат Ашмақын) деген жігіт. Осы оқиғадан кейін, АНАМНЫҢ айтқан бір сөзі есіме түседі "Ешқашан адамның сыртынан баға берме " деген болатын. Шыныменде, ешқашан адамның сыртынан қарап жамандауға болмайды(әсіресе ұлдарға айтамын). Оларда өздерің секілді қарапайым қазақ жігіттері. Олардың сырт- келбеті тек қана сахыналық образ. Мысалы, егер дәл сол әнмен Төреғали сияқты сырт келбетпен шықса, олар ешкімді, өздеріне қарата алмас еді. Ешкім таң қалмас еді, себебі ондай әншілер толып жатыр. Айтайын дегенім, бәрің Ninety One - ды жақсы көріңдер дегенім емес, тек сыртқы келбеттеріне қарап, өздерін білмей жатып жамандаудың қажеті жоқ. Оларды тек қана Қазақстан емес, шет елдері де сүйіп тыңдайды. Мүмкін Қазақстан жайлы білмейтін шет елдері, осы топтың арқасында біліп жатқан шығар. Қазіргі кезде Ninety Onе - ның әндерін тындап, өнерін бағалайтын шетелдік фанаттары күн сайын артып келеді. Осы топтың клиптеріне реакция жасаған шетел азаматының қазақша сөйлегенін естігенде ерекше сезімде болады екенсің. Сол келбетпен шықпағанда, олар осындай танымалдылыққа жетпес еді деп ойлаймын. Ал, танымалдылық - әншілер үшін маңызды нәрсе. Қазір бұл топты сынға алып жатқандар өте көп. Алдаға уақытта қазақ эстрадасынан өз орындарын тауып, шетелдегілерді қазақша сөлетіп, Қазақстанды әлемге танытатына сенімдімін!