Тілсіз халық-ауға түскен тауық!
жеке
блог

Тілсіз халық-ауға түскен тауық!

Қазақстанның халқы тек қазақ тілінде сөйлеу керек! Себебі,Қазақстанның негізін салған қазақ халқы! Қазіргі біздің еліміздегі маңызды мәселелердің бірі бұл қазақ тілі мәселесі. Мен қазақ халқын түсінбеймін! Қазақ тарихында көз салатын болсақ ата-бабаларымыз қаншама көтерілістер қозғалыстар жасап елдің еркіндігін аңсаған өз тілінде сөйлейтін ел құрсақ  деген армандары болған тұғын. Ал біздер қазіргі сол ата-бабаларымыздың аруағын сыйламай отырмыз. Ел аман болу үшін тіл аман болу керек! ҚР Конституциясына  өзгеріс  енгізу керек былай: Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  тілі  қазақ тілі. ҚР халқы қазақ тілін білуі міндетті. Қазақ тілі елдің негізі.

Қазақ тілі-қазақ халқының  ана тілі. Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мелекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді енгізу және дамыту мәселесі қазіргі уақытқа дейін толық шешілген жоқ.Бұл мәселе уақыт  еншісінде деп санаймыз. ХХ ғасырдың басында Абай өзінің жиырма бесінші съезінде “Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да-бәрі орыста тұр . Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзін ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды...”-деген болатын. Әрине, мақсат орыс тілінен бір күнде бас тарту емес, қазақ тілі мен орыс тілін бір-біріне қарсы қою да емес. Дегенмен, қазақ  тілінің мемлекеттік мәртебесін шың мәнінде алуы ғана мемлекетті мемлекет ете алады. Сондықтан, мемлекеттік,яғни қазақ тілін оқу қажеттілігі туып отыр.

Ұлт тірегі болған ана тілімізге қамқор көзбен қарайық. Қай мемлекеттің, қай ұлттың тілі болсын, болмыс бітімін даралап , өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі –халықтың тілі мен  мәдениеті.

Демек, тіл мен мәдениет-ұлтымыздың бет бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы мен парасаты екендігін естен шығармайық, достар. Біз қазақпыз, өз тіліміз бен мәдениетімізді аялайық, бағалайық, келешек ұрпаққа бағалы етіп жеткізейік.

Ана тілі газетінде тіл туралы жақсы пікір жазылған. Мәселе тек тіл туралы ғана емес, ұлттық құндылықтар да сөз етілген. Оның айтуынша тілсіздің айуан дейді. Тілі кедей елді мәдениетсіз, надан халық деп санайды.

Шын мәнінде қарап отырсақ тілсіз ел жоқ, тілсіз жер жоқ. Осы тіл мәселесін көтерген бірде бір орыс журналисін көрмедім.