Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сіз мейірімді адамсыз ба?

Сіз мейірімді адамсыз ба?

Сіз мейірімді адамсыз ба?

                                            Сіз мейірімді адамсыз ба?

                                                (психологиялық тест)

   Әркім-ақ өзін кеңпейілді, мейірімді адаммын деп есептейді немесе сондай жандардың қатарында болғысы келеді. Кімнің болсын өзі туралы жақсы ойлауға қақысы бар емес пе? Бірақ шын өмірде қандайсыз, міне  мәселе осында. Қазір сіздің қаншалықты мейірімді екеніңізді байқап көрелік. Мына сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап беріңіз:

1. Сіз әжептәуір ақша таптыңыз.Осы ақшаға түгел дос-жаран мен жақын-туысқа сыйлықтар алып беруіңіз мүмкін бе?

2. Бір дос-жаран адам келіп Сізге мұңын шақты. Оның қайғысы жаныңызға батқан жоқ, осыны сіз ымдап байқатар ма едіңіз?

3.Сіз картаны немесе биллиардты керемет ойнайсыз. Ал танысыңыз нашар ойнайды. Ол қуанып қалсын деп Сіз анда-санда ұтыласыз ба?

4. Адамдар қуанып қалсын деп, оларға үнемі әзіл-қалжың, жақсы сөз айтып отырасыз ба?

5.Мысқылдап, кекеткенді жақсы көресіз бе?

6. Сіз кекшілсіз бе?

7. Өзіңіз ұнатпайтыни нәрсені асқан сабырмен тыңдап тұра аласыз ба?

8. Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені ешкімге жалынбай істеп кете бересіз бе?

9. Жеңіліп бара жатқыныңызды сезсеңіз қандай да бір сылтаумен ойынды тоқтатасыз ба?

10. Егер өзіңіздің ісіңіздің ақ екеніне сенсеңіз, оппонентіңіздің сөзін тыңдаудан бас тартасыз ба?

11. Біреулердің өтініштерін бұлжытпай орындайсыз ба?

12. Жиналғандарды көңілдендіру үшін бір адамды құрбандыққа шалып келемеждейсіз бе?

Қортынды:

1,3,4,7,11 - сұрақтарға "иә" деп жауап берсеңіз, ал 2,5,6,8,9,10, 12- сұрақтарға "жоқ" деп жауап берсеңіз, әр жауапқа 1 ұпайдан жазыңыз.

8-ден жоғары ұпай жинасаңыз,онда сіз мейірімді жансыз, маңайыңызға ұнайсыз, адамдармен тіл табысып, сөйлесіп кету сізге оңай. Біздің ойымызша, сіздің досыңыз көп. Бір нәрседен ғана сақтаңыз: ешқашан жұрттың бәріне ұнаймын деп жалбақтай бермеңіз.Адамның бәріне жағу мүмкін емес.

4-8 арасында болсаңыз, онда сіздің көңіліңіз істің сәтіне, жағдайдың ретіне қарай кеңейіп, тарылып отырады. Сізді елдің бәріне бірдей жайылып жастық, көсіліп көрпе болады деу қиын. Кейбір жанмен арқа-жарқа араласа кетесіз. Кейбіреумен 2 минут сөйлесудің өзі мұң болады. "Бірде көл, бірде шөл"деген осы. Бірақ бұл сонша қайғыратын іс емес. Тек, адамдарды алаламау үшін бәріне бірдей қарауға тырысыңыз.

Сіз 4 ұпайдан төмен жинасаңыз, кешірерсіз, сізбен араласу ең жақын туыстардың өзіне де қиын соғады. Мейірімді болыңыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" дейді. Дос сонда ғана көбейеді. Өйткені достыққа ең қажетті дүние - мейірім.

                                     

                                 (Тест "Студенттік жылдарымның естелігі" кітапшасынан алынды)

27
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 27 сәуір 2012, 15:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.