Мысық құрлы болмай барамыз

Мысық құрлы болмай барамыз
жеке
блог

Үйде екі мысығымыз болатын. Бірі үлкен ұрғашы мысық. Үйде жүргеніне біраз болса да балаламаған еді. Екінші мысықты бала кезінде туылғанына аптада болмаған кішкентайды көршілеріміз қоймай тастап кеткен еді. Сонда ана үйдегі үлкен мысық өз баласы болмаса да, бала мысыққа қарап өз баласындай қабылдаған болатын. Өзінің сүті жоқ болса да емізіп, оған берген нанды өзі жемей бала мысыққа беріп, аулаған тышқанын өзі жемей осыған алып келіп беретін. Күнде үстін жуып тазалап, басқа жағдайлардан қорғап, өз баласындай көріп өсірді. Үлкен мысықтың іс-әрекеті бәрімізге қызығарлық жағдай еді. Үйге келгендерге бұл негізі мұның баласы емес дегенде таң қалып, осындай да болады екен-ау деп, мысықтың қамқорлығына риза болатын. Жануарда да осындай болады екен-ау, өз баласы болмаса да, баласындай көріп, жуып, тарап, емізіп отырғанын қарашы деп айтатын. Неткен мысық өзі! Мысықта да жүрек болады екен-ау деп, таңданыстарын жасыра алмайтын. Шынында да, өте таң қаларлық жағдай еді біз үшін. Өз баласы болмаса да өзікіндей көріп бар мейрімін беріп өсірді. Сондай қамқорлығы болмағанда ана кішкентай мысық өсіп кетермеді, кетпеспеді білмедім. Себебі, тым кішкентай болатын. Йә, дәл қазір біз кей адамдарға осы мысықтағы мейрімділік жетпей тұрған дай болып тұрады. Пәлен баласын туып, пәлен жерде тастап кетіпті деген жаңалық қазір бізге үйреншікті болып бара жатқандай. Өзгенің баласы түгіл өз баласын тастап кетіп, туылмай жатқаннан, әлі өмір есігін көрмеген күйде балаларын алдырып тастарлықтай не көрді екен бұл өмірден. Бала деген періште деуші емеспеді. Бұл өмірге келмей жатып сонша не жазды екен. Туылып анам қайда, әкем қайда деп балалар үйін тоздырардай. Туылмай жатып, аборт болып, жарық сәуле көре алмастай, өмірге келседағы адам қалдығы қалатын әжетханаға тасталардай күнәсі көп болғаны ғой періште сәбидің. Сол бір мысық құрлы мейрім қалмай бара жатқаны ма? Неге сонша жауыз болып барамыз? Мысық құрлы болмағанымыз ба? Әлде, бала емес, мысық асрап алушылар көбейіп жатқан заманда мысықтан санамыздың төмен түсіп бара жатқаны ма екен?