Ағылшын тілі алфавитін білесіз бе?

Ағылшын тілі алфавитін білесіз бе?
жеке
блог

Ағылшын тілі алфавиті латын әліпбиіне негізделген.

Алфавитте 26 әріп бар. Олар:

  Әріптің түрі

     Атауы

               Ескерту

1

        A a

       (эй)

     «а» емес

2

        B b

       (би)

     «в» емес

3

        C c

       (си)

     «эс» емес

4

        D d

       (ди)

кіші әрпін b-мен шатастырмаңыз

5

        E e

        (и)

     «е» емес

6

        F f

       (эф)

 «фи» / «фэ» емес

7

        G g

      (джи)

      «г»  / «джэй» емес

8

        H h

      (ейч)

      «аш» емес

9

        I i

       (ай)

      «и» емес

10

        J j

     (джэй)

«дж» / «дж» / «джи»  емес

11

        K k

       (кей)

      «ка» емес

12

        L l

        (эл)

      «ель» емес

13

        M m

        (эм)

 

14

         N n

        (эн)

 

15

         O o

        (әу)

      «о» емес

16

         P p

        (пи)

 

17

        Q q

     (кью)

 

18

         R r

        (а(р))

«ар» /«р» емес,  (р) анық емес

19

         S s

        (эс)

 

20

         T t

        (ти)

 

21

        U u

       (иүу)

«у» / «уай» емес

22

        V v

       (ви)

       «в» емес

23

        W w

 (дабл иүу)

       «в» емес

24

         X x

      (экс)

      «икс» емес

25

         Y y

      (уай)

«у»  немесе «ю» емес

26

         Z z

      (зэд)

Американдық ағылшын тілінде «зи»

 Ағылшын тілі алфавитін жатқа білуге қатысты екі нәрсе айтуға болады.

Біріншіден, ағылшын тіліндегі әрбір әріпті бір-бірінен шатастырмай тани білу өте маңызды. Өйткені ағылшын тілінде spelling деген ұғым бар. Spelling дегеніміз – кез-келген сөздегі әрбір әріпті алфавиттегі атауымен айту немесе сөзді керекті әріптермен дұрыс жазу. Қандай да бір сөзді қате жазып қоймас үшін сол сөзде жазылуы тиіс әріптерді атап беруіңізді сұрай қалса, сіз әр әріпті бір-бірінен шатастырмай алфавиттегі атауымен дұрыс атай алғаныңыз абзал. Бұл, әсіресе, аты-жөніңіз немесе мекен-жай атаулары туралы ақпарат берген кезде өте маңызды. Мысалы,

-         What’s your name? (Атыңыз кім?)

-         My name’s Azhar. (Менің атым Ажар.)

-         What’s your surname? (Ал тегіңіз кім?)

-         My surname’s Nurbayeva. (Тегім – Нұрбаева.)

-         Can you spell that, please? (Тегіңізді әріптеп айтып бере аласыз ба?)

-         Yes, that’s N –U –R – B – A- Y – E – V – A.

(Иә, әрине, ЭН –ИҮУ –А(р) – БИ – ЭЙ- УАЙ – И – ВИ – ЭЙ.)

Назар аударыңыз! Қазақ тіліндегі -баев, -таев болып аяқталатын фамилия ағылшынша  -bayev, -tayev болып жазылады. Яғни, -у әрпі қосылады. Жоғарыдағы Ажар есімді қыз тегін ағылшынша  N –U –R – B – A- Y – E – V – A деп дұрыс айтты.

Ал сіз өз аты-жөніңізді ағылшынша жаза аласыз ба? Аты-жөніңіздегі әріптерді ағылшынша бір-бірінен шатыстырмай айтып көріңізші?

Айтпақшы, біздегі ж, ш, ч, х, ц, щ, ы,ю, я сияқты әріптер  ағылшынша былай жазылады:

Ж – zh       Ш – sh       Ч – ch       Х – kh       Ц – ts

Щ – shch     Ы – у        Ю – yu      Я – ya / ia

Екіншіден, (өкінішке орай) ағылшын алфавитіндегі 26 әріпті жаттап алу бізге ағылшынша кез-келген сөзді еркін оқи алуымызға мүмкіндік бермейді. Ағылшын тілі оқылуы күрделі тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінде егер адам 42 әріптің барлығын білсе, ол қазақша оқи алады деп түсінеміз. Өйткені қазақ тіліндегі сөздердің көбі қалай жазылса, солай оқылады.  Бірақ ағылшын тілінде сөздің жазылуы мен оқылуы көп жағдайда сәйкес келе бермейді. Мысалы, daughter (қызы) деген сөз жазылып тұрғандай «даугхтер» емес, «доотә» болып оқылады.  Сондықтан ағылшынша оқып үйрену үшін, ең бастысы транскрипцияны оқып үйрену керек. Әрине, сөздерді оқып үйренуге байланысты кейбір ережелер бар, алайда ол ережелерге бағына бермейтін сөздер тағы бар.