Сіз қателесесіз
жеке
блог

Сіз қателесесіз

Оқырман, бүгін сізбен екі жаңалықты бөліспекпін.

      Бірінші, жоғарыдағы суреттегі таңба нені білдіреді деп ойлайсыз? Сіздің жауабыңызды қандай екенін табу қиын емес деп ойлаймын. Бұл кезінде әлемді жауламақ болған, миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған, Гитлер бастаған ұлтшылдардың белгісі десеңіз, онда суретте таңбаның астында жазылғандай "Сіз қателесесіз" (You are wrong).

       Ұлтшылдық 1919 жылы Италияда саяси ағым болып қалыптасқанмен, Германияда кең етек алып екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аталған таңбамен айшықтала бастады. Гитлер бұл таңбаны өз ағымының белгісі ретінде енгізгені мен, бұл таңба бүкіл құрлықта басқа мағынада мыңдаған жылдар бойы қолданылып келді. Жалпы бұл таңба свастика деп аталады.  
 
      Тең ұшты тік бұрышпен иілген крест түріндегі солярлы белгі, ежелгі үнді культының діни белгілерінің бірі, әлемдегі ең көне әрі ең көп танылған графикалық символдардың бірі. Свастика символы Еуропа мен Америкада латынның төрт «L» әрібінен тұрады деп есептелген. Айта кетсек, Lightжарық, Күн; Loveмахаббат, сезім; Life өмір; Luckтағдыр, сәттілік, бақыт. Сөздің шығу этимологиясы көне санскрит тілінен бастау алып, «स्वस्तिक» (svastika) – амандасу, сәттілік тілеу, жақсылық жасау деген ұғымдарды берген.лд
       Свастика күнделікті қажет заттарда, киімдерде, елтаңбалар мен қарапайым үйлердің құрылысында қолданылып келген. Ал алғаш рет полеолит дәуірінде пайдаланылған екен. Ол символ ретінде жақсы мағынада қолданылып келген. XX ғасырға келіп, свастика нацистік Германия мен нацизмнің символына айналады. Сосын Батыс Еуропада гитлерлік тәртіп пен идеологияның құрамдас бөлігі ретінде қалыптасады. Ал 1945 жылы Германияның жеңілісінен кейін көптеген елдерде «卐» символы қолданылмайтын болды. Ал КСРО-да сватиканы төрт «Г» әрібінен тұратын символ деп түсіндірді. Төрт «Г» екінші дүниежүзілік соғысты бастаған Германия басшылары Гитлер, Геббельс, Геринг және Гиммлер аттарымен байланысты.
 
P.S.Екінші жаңалығым, минимализм стилінде жасалған жоғарыдағы сурет, менің суретті өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарламада (фотошопта) жасаған алғашқы туындым.