Неге солақай адамдар  аз?
жеке
блог

Неге солақай адамдар аз?

Сіздерге тағы бір қызықты ақпаратты аударып, жазып отырмын) Егер араларыңызда сол қолмен жазатындар болса, бөлісе отырыңыздар,мүмкін бойларыңызда басқа адамдарда жоқ қасиеттер бар шығар?))) 

ВВС Future шолушылары  оңқайлар мен солақайларды зерттеушілердің небір таңқаларлық жағдайларға куә болатындары туралы айтады. 

Біз өзіміздің оңқай немес солақай екенімізді,бала кезімізде алғаш шимайлай бастағаннан білеміз.

Ал, біздің бір қолымыздың доминантты болуы не себепті? Және неге солақайлар аз кедеседі?

Бұл жұмбақтың шешуін табу үшін біз Адам Резерфорд екеуміз оның тарихына үңіліп,ғалымдардың пікірін білгеннен кейін хабарлауды жөн санадық.(ВВС Radio  «Любопытные истории от Резерфорда и Фрай»)

Кейінірек белгілі болғандай бұл тақырып біз ойлағаннан да тереңірек болып шықты:

  • Мысалы, жетекші тек қол ғана емес екенін мен тіпті ойламаппын. Бұл көздерге де қатысты екен.

Қай көзіңіздің доминатты екенін келесі үлгіде тексере аласыз.

ü Бас бармағыңызды алға созыңыз. Алдымен,бас бармағыңызға екі көзіңізбен қараңыз, содан кейін барып кезекпен оң мен сол көздеріңізді жауып қараңыз. Сол кезде сіз,жетекші көз-екі көзіңізбен көргеніңізден қарағанда, картинаны әлдеқайда жақынырақ көрсететінін көзіңізді байқайсыз.

Дәл солай сіз құлағыңызды да тексеріп көруіңізге болады:  телефонды көбінесе қай жағында ұстайсыз. Және көрші бөлмедегі әңгімені есту үшін,қабырғаға қай құлағыңызды қойып тыңдайсыз?

Бұл оғаш ассиметрияны  өзіңнің әрекеттеріңнен байқау өте қызық. Мысалы,мен телефонды көбінесе сол қолыммен ұстаймын, және оны оң жақ құлағыма тосып, оң қолыммен жазуға тырысамын.

Бұл оғаш комбинацияны ыңғайлы деп есептеу екіталай. Біржағынан, бұл әрекеттер басты емес-бәріміз табиғатыңнан берілген артықшылықтарды қолдануға тырысамыз.

Шындығында 40 %- солақайлар,  30%-сол көзділер,  20% сол аяқтар. Бірақ қолға келгенде,  тек 10%  сол қолдың үстемдігін көрсететін көрінеді.

Неге ондай жағдайлар орын алды? Неге солақайлар аз?

Бұрынғы кезде солақайлық кемшілік болып есептеліп, мектеп кездерінде оларды кемсітушілік болған. Қызығы сол, «солақай» деген сөздің жағымсыз коннотациясы әлі күнге сақталып қалған.

«Left» сөзі (ағылш «Сол»-прим..аударма)  англосаксондық «lyft» сөзінен шығады, мағынасы «әлсіз». Ал оның латын тілінен аударғандағы мағынасы «dexter»- «икемді, ақ көңіл немес қолайлы».

Қай қолың жетекші екеніне не әсер етуі мүмкін? Бір қолдың үстем болу эволюциясы бір қарағанда маңызға ие. Міне,мысалы, шимпанзенің белгілі бір тапсырмасы тек оң немесе сол қолы арқылы ғана жүзеге асады.

  • Тағы бір мысал келтіріп қарасақ, термиттерге (ақ құмырысқалар деп те аталады) аңға шығуды алайық. Лайықты таяқ таңдап алып, шимпанзе термиттер мекендейтін жер астына таяқты кіргізіп, өзінің түйсігінің арқасында оның тереңдігі мен кеңдігіне, сонымен қатар термиттердің саны жөнінде көп мәлімет ала алады.

Сосын олар ақырындап ұяларына кірген белгісіз затқа иек сүйектерімен тістеліп жабысқан термиттері бар  таяқты шығарып алады.

Олар өздерінің аш шимпанзенің азығы  болатыны туралы ойламайды да. Белгілі бір қолымен бір тапсырманы орындай берген шимпанзелер өте епті әрі азығын көптен табатын болады.

Бірақ,примотолгтар  шимпанзелердің бұл әрекеттерін жаратылыс ортасында зерттеген кезде,олардың ішінде солақайлар басымырақ екенін анықтады: 50% бір тапсырманы қайталап оң қолымен, 50%-сол қолдарымен орындаған.

Ғалымдар солақайлық мидың жұмысымен тығыз байланысты екенін әлі күнге дейін дауласып келеді. Сол қолды мидың оң жақ бөлігі, және керісінше бақылайды, сондықтан солақайлардың миы шамалы басқашалау болып келеді.

Психолог Крис Макманус Лондон Университетінің колледжінде жұмыс істейді, «Оң қол, сол қол» кітабының авторы.

«Солақайлардың миының функционалдық ұйымдарының принциптері басқаша,-деп түсіндіреді ол. –Жеке мен,солақайлар талантты, бірақ сондайлықты әр түрлі жағдайларда күйзелгіш болып келеді,-деп есептеймін.»

« Мидың жұмыс істеуінде айырмашылық болғандықтан солақайлар басқа адамдарда кездеспейтін әдет-дағдыларға ие бола алады»,-деп сеніммен айта алады.

Бұл пікірмен бәрі келісе бермейді. Дороти Бишоп-Оксфорд университетінің нейропсихология профессоры, және оның бұл сұрақ бойынша өзіндік жеке қызығушылығы бар.

«Мен солақаймын, және маған мен неге басқа адамдардан ерекшеленемін»,-деген ой қызық.

«Соңғы жылдары мен адамдардан солақайлық дислексия мен аутизм сияқты бұзушылықтармен байланысты деген көптеген арыздарды естідім. Басқа жағынан қарағанда, архитекторлар мен     музыканттардың арасында солақайлар көптеп кездесетіндері туралы қалыпты пікірлер де жазылған.».

Бишоп,  сирек кезетін аурулармен ауыратын адамдардың арасында, соның ішінде Даун, эпилепсия және балалардағы церебралды паралич (ДЦП), солақайлардың саны мен оңқайлардың саны 1:10 емес 50:50 деп мойындады.

Оның үстіне ол мұндай жағдайларда солақайлық себеп емес  тұқымқуалаушылық  деп есептейді.

  • Белфасттағы Квинс университетіндегі Питер Хеппи ананың жатырында жатқан баланың қозғалысын ультрадыбыстың көмегімен үйреніп, таңқаларлық зерттеу жұмысын жасаған.

Ол  жалпы статистикаға сәйкес келетін 10 эмбрионның 9-ы оң қолының  бас бармағын ауыздарына салатынын көрген.

Көп жылдардан кейінгі зерттеумен қайта кездескен ол, анасының жатырында оң қолының саусағын аузына көп салғандар оңқай, сол қолыныкын көп салатындар солақай болатынын анықтаған.

«Бірақ, егер менің сәбиімнің оң не сол қолына артықшылық берсе, оны мен қолына қарандаш алып сурет салмайынша біле алмайтын едім»,-деп есептейді екен автор.

 

Ханна Фрай ( Hannah Fry)

Ұлыбритания, ВВС