Бейнебаянымыздың түсірілімі өтті

Бейнебаянымыздың түсірілімі өтті
жеке
блог

Сәлем, достар!

Кеше ару қаламыз Алматыда топ болып шығармашылық жолымызды бастағалы бергі екінші бейнебаянымыздың түсірілімі өткені жайлы қуанышты жаңалығымызбен бөліскіміз келіп отыр!Бейнебаян дәл қазіргі уақытта өнерді дәріптеу жолындағы маңызды құрал болып тұрғанын өздеріңіз білесіздер. Жақында ғана белгілі сазгер Бейбіт Оралұлы ағамыздың жарына арнаған  "Нұр бейнең" әнін қалап репертуарымызға қосқан болатынбыз. Бейнебаянды да дәл осы әдемі әнге түсіргіміз келді. Бейнебаянның режиссері әнші, клипмейкер - Жеңісхан. Мұнда белгілі бір сюжет жоқ. Осы себептен де және түсірілім тобының тиянақты жұмысының арқасында процесс тез әрі оңай өтті. Түсірілетін орын ретінде еліміздің тұңғыш Президентінің қоры таңдалды. Осы орайда Фонд қызметкерлеріне жас топқа қолдау көрсетуден бас тартпағандары үшін "Массагет" арқылы алғысымызды айта кеткіміз келеді!!! 

Cонымен бірге кешегі күн біз үшін продюсеріміз Сәкен Майғазиевпен бірге алғаш рет дуэт болып ән айтқанымызбен де маңызды күндердің бірі болып есімізде қалары анық! Кешкілік студенттер сарайында Ескендір Хасанғалиевтің "Айналайын" атты ән кешінде Ескендір ағаның "Сені ойлаймын" атты тамаша әнін орындап шықтық.